❄️
-9°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қаскелең қаласында жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға арналған кездесу өтті

    12.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Идеология
    Қаскелең қаласында жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға арналған кездесу өтті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    2026 жылғы 12 ақпанда Қаскелең қаласындағы Жастарға қызмет көрсету орталығының акт залында аудан жастарының қатысуымен «Азаматтылықты тәрбиелеу: Жаңа Конституция жастардың азаматтық жауапкершілігі мен белсенді ұстанымын қалыптастыруға қалай ықпал етеді» тақырыбында кездесу өтті.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында азаматтық жауапкершілікті арттыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді қатысуын ынталандыру.

    Іс-шараға Қарасай ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы С. Мәсімақынова, Кәсіподақ ұйымының төрағасы С. Жылқыбаев, Қоғамдық кеңестің мүшесі А. Абдрахманова, Қоғамдық келісім және даму орталығының басшысы Д. Утемисов, жастар ұйымдарының өкілдері, студенттер және белсенді жастар қатысты. Кездесу барысында жаңа Конституцияның қоғам өміріндегі маңызы, оның жастардың құқықтық санасын дамытудағы және азаматтық белсенділігін арттырудағы рөлі жан-жақты талқыланды. Қарасай ауданы ардагерлер ұйымының төрағасы, ардагер ұстаз Сағат Мәсімақынов жастарға білім саласында да өзгерістер болғандығы, соның ішінде: «Енді міндетті білім беру тек орта емес, бастауыш деңгейді де қамтиды, ал білім беру жүйесі нақты түрде зайырлы деп айқындалды» деп өз сөзінде түйіндеді.

    «34-бап. Онда: “Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға, табиғи байлыққа қамқорлықпен қарауға міндетті” деп нақты көрсетілген. Құрметті жастар, енді барлығымыздың табиғатты қорғау және айналаны таза ұстау міндетіміз Ата заңымызбен бекітілді», – деп Қарасай ауданы Қоғамдық келісім және даму орталығының жетекшісі Дидар Утемисов ерекше атап өтті. Қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, ел болашағы жолындағы жастардың жауапкершілігі туралы ойларын ортаға салды.

    . Кездесу ашық диалог форматында өтіп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

    Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

    Ұсынымдар

    Ұлттық киім – ұлт айнасы

    Ұлттық киім – ұлт айнасы

    2 years ago
    Алматы облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

    Алматы облысында сайлауға дайындық барысы пысықталды

    3 years ago
    Health Invest Forum – 2025: Ашық диалог пен инвестициялық ынтымақтастық алаңы

    Ашық диалог алаңы

    7 months ago
    Баспаналы болу – бір бақыт

    Баспаналы болу – бір бақыт

    7 months ago
    Тасқын болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталады

    Тасқын болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>