❄️
-9°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 13, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысы халықаралық туризм бағытында үшінші орынға тұрақтады

    12.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Туризм және саяхат
    Алматы облысы халықаралық туризм бағытында үшінші орынға тұрақтады
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Табиғаты тамсандырған, асқар тауы мен мөлдір көлдері үйлесім тапқан өңірге келушілер саны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 38,1 пайызға артып, 530 435 адамға жетті. Бұл – облыстың туристік тартымдылығы артып, республикадағы үлесінің 6,8 пайызды құрағанының нақты дәлелі. Көңіл көншітерлік ақпаратты облыстық туризм басқармасының басшысы Қуанышбек Мирамбекұлы баспасөз мәслихатында айтты.
    Ішкі туризм айрықша серпін алды. Есепті кезеңде 520 995 отандық демалушыға қызмет көрсетіліп, өсім 38 пайызды құрады. Яғни, қазақстандықтар демалысын өз елінің көрікті мекендерінде өткізуді жиі таңдай бастаған. Шетелден келушілер саны да көбейді: 9 440 қонаққа қызмет көрсетіліп, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,1 пайызға артық. Ал «eQonaq» ақпараттық жүйесінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысында облысқа 147 003 шетел азаматы келген. Бұл – алдыңғы жылмен салыстырғанда 8,4 пайызға көп көрсеткіш. Осылайша өңір шетелдік меймандар саны бойынша Алматы және Астана қалаларынан кейінгі үшінші орынға шықты.
    Туризмге қызмет көрсететін нысандар да көбейіп келеді. Қазіргі таңда облыста 283 орналастыру орны жұмыс істейді.
    «Көрсетілген қызмет көлемі 12,3 млрд теңгеге жетіп, 50 пайызға ұлғайды. Негізгі қорларға құйылған қаржы – 33,3 млрд теңге. Туризмнің өңірлік жалпы өнімдегі үлесі 5,4 пайызға жетіп, 198,5 млрд теңгені көрсетті. Бұл саланың облыс экономикасындағы салмағы артып келе жатқанын білдіреді. Туризмге қатысты 14 қызмет бағыты бойынша бюджетке 11,2 млрд теңге салық түсті, өсім – 25,8 пайыз. Ал ойын-сауық индустриясынан 81,7 млрд теңге кіріс түсті»,-дейді Қуанышбек Мирамбекұлы.
    Алматы облысының басты байлығы – оның сұлу табиғаты. 2025 жылы «Іле-Алатауы» ұлттық табиғи паркінде 945 993 адам тынықса, «Көлсай көлдері» ұлттық паркінде 600 026 адам демалды. Бұл нысанда келушілер саны 51,8 пайызға артты. Ал «Шарын» шатқалында демалушылар легі екі еседен астам көбейіп, 249 928 адамға жетті. Бұл деректер өңірдің көрікті орындарына деген қызығушылықтың жылдан-жылға өсіп келе жатқанын көрсетеді.
    Спикердің айтуынша, облыста 30 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олардың қатарында халықаралық деңгейдегі «Hilton» және «Marriott» қонақүйлері, «ASP Arena» спорт кешені, «Sulu Tau Resort» демалыс орны, «Автодром Sokol» спорттық-техникалық кешені, «Қара шатқалдағы» туристік аймақ пен шыны аспалы көпір бар. Сонымен қатар, кемпингтер, автотұрақтар, жанармай құю бекеттері және ұлттық парктер аумағындағы қызмет көрсету нысандары салынуда.
    Тұтастай алғанда, Алматы облысында туризм саласы жүйелі түрде дамып, жаңа жобалар жүзеге асып, қызмет сапасы артып келеді. Табиғи әлеует пен мақсатты мемлекеттік қолдаудың ұштасуы өңірді халықаралық деңгейдегі тартымды туристік орталыққа айналдыруға берік негіз қалайды.

    Ұсынымдар

    Health Invest Forum – 2025: Ашық диалог пен инвестициялық ынтымақтастық алаңы

    Ашық диалог алаңы

    7 months ago
    Алматы облысында «Таза жағажай – таза өзен» акциясы өтті

    Алматы облысында «Таза жағажай – таза өзен» акциясы өтті

    8 months ago
    Ел экономикасына елеулі өзгеріс керек

    Ел экономикасына елеулі өзгеріс керек

    2 years ago
    Қоғамдық бақылаудың маңызы зор

    Қоғамдық бақылаудың маңызы зор

    8 months ago
    Жәрмеңкеде баға арзан

    Жәрмеңкеде баға арзан

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>