⛅
5°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Білімнің кілті – тәрбие

    19.02.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Білімнің кілті – тәрбие
    0
    SHARES
    5
    VIEWS

        Қарасай ауданы Қошмамбет ауылындағы жайлы мектепте «Бала құқығы: тәжірибе мен сабақтастық» атты форум өтті. Оған мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, бала құқықтарын қорғау өкілдері және ата-аналар қауымдастығы қатысты.

    Форум жұмысын Қарасай аудан­дық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаева ашып, білім мен тәрбие ажырамас қос тірек екенін еске салып, әр балаға сапалы білім берудің маңыздылығын атап өтті. Спикер сондай-ақ балабақшадан бастап білім беру ұйымдарына ерекше жауапкершілік жүктелетінін ескертті. Олардың барлығы заман талабына сай жұмыс істеп, қызметіне жаңаша көзқараспен қарауы, білім сапасы мен парасатты тәрбиені қатар ұстануы, әр баланың жеке тұлға екенін ұмытпауы тиіс екені айтылды. Ауданда отбасы құндылықтарын нығайтуға, балалардың оқуға деген қызы­ғу­шы­лығын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны атап өтілді.
    Форумның ерекше сәті құрметті қонақ, «Отбасы хрестоматиясы» қоры­ның сарапшысы, психолог, «Балалықтан – даналыққа» кітабының авторы Сейілбек Мырзабаймен кездесу болды. Мұнда қаламгердің кітабына ерекше назар аударылды. Автор онда күрделі ұғымдардың мәнін қарапайым тілмен түсіндіріп, бала тәрбиесіне қатысты тағылымды оқиғалармен бөліскен.
    Аталған еңбекте жас ұрпақты табиғатқа жақындатудың маңыздылығы да айрықша аталған. Себебі бұл нейрондық байланыстардың дамуына ықпал етіп, адамның қоғаммен, қоршаған ортамен және ең бастысы өз-өзімен үйлесімді өмір сүруіне көмектеседі. Сонымен қатар автор балаларды кітап оқуға баулудың маңызын және әлеуметтік желілердің қауіпті әсерін баяндаған
    Сейілбек Мырзабай сөз соңында аудитория сұрақтарына жауап берді. Одан кейін форум жұмысы «Ашық микрофон» алаңында жалғасты. Оны Б. Қосынов атындағы орта мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Тазагүл Халмұхамедова, А.Байсалбаев атындағы орта мектептің мұғалімі, «TeachSkills» қауымдастығының мүшесі Назым Қартбаева және А.Байтұрсынов атындағы орта мектеп­тің бала құқықтарын қорғау өкілі Махмұт Нарудил ұйымдастырды.
    Форумда ата-аналар да назардан тыс қалмады. «Бала игілігі үшін бірлесе әрекет ету» атты тренинг өткізілді. Оны Жамбыл ауылындағы №2 орта мектептің қызметкері Әсел Таңатова мен Қошмамбет ауылындағы жайлы мектептің өкілі Перизат Хабылова жүргізді.
    Шара концерттік бағдарламамен қорытындыланды. Аудан педагогтерінің оркестрі «Адай» және «Балбырауын» күйлерін шебер орындады. «Шұғыла» ансамблі көрермендерді қазақ биі­мен қуантса, «Жауқазын» жастар театры «Көлеңкеден жарыққа» атты театрландырылған қойылым ұсынды. Соңында хор «Біз – Қарасайдың жастары» атты салтанатты-патриоттық әнді орындады.
    Форум соңында Әсел Әбілеқызы алқалы жиынның педагог­тер, ата-аналар мен оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, бала құқықтарын қорғау бағытындағы жұмыста отбасы, мектеп, қоғамдық институттар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталғанын атап өтті. Бұл аса маңызды, себебі өскелең ұрпақты тәрбиелеу арқылы біз ел болашағының негізін қалаймыз. Сондықтан ата-аналар мен мұғалімдерге, отбасы мен мектепке ерекше жауапкершілік жүктеледі. Қоғамның да ықпалы зор, ол – бүгінгі ұл-қыздардың бойына аталған құндылықтарды сіңіретін маңызды фактор.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Жедел штаб жұмыс істейді

    Жедел штаб жұмыс істейді

    2 years ago
    Айдындағы аламан

    Айдындағы аламан

    4 months ago
    ТЯНЬ-ШАННЫҢ ДИЮЫ

    ТЯНЬ-ШАННЫҢ ДИЮЫ

    5 months ago
    Білімдегі бетбұрыс

    Білімдегі бетбұрыс

    1 year ago
    «Халық қатысатын бюджет» аясында 8 жоба жүзеге асуда

    «Халық қатысатын бюджет» аясында 8 жоба жүзеге асуда

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>