⛅
6°C
Қонаев
Бейсенбі, Ақпан 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ынтымақтастық нығаяды

    18.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Ынтымақтастық нығаяды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

         Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Беларусь Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богданов, Беларусь елінің Алматы қаласындағы Бас консулы Денис Мелешкин бастаған делегациямен кездесу өткізді. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Бақытнұр Бақытұлы, басқарма басшылары, кәсіпкерлер мен агроөнеркәсіп кешен жетекшілері қатысты. Онда Беларусь Республикасының Витебск облысы мен Алматы облысы арасындағы аймақаралық байланысты арттыру жайы сөз болып, шаруашылық, су тазарту және қалдықтарды қайта өңдеу салалары бойынша тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

    Өткен жылдың қараша айында Беларусь Республикасының Премьер-Министрі Александр Турчиннің Қазақстанға ресми сапары барысында аймақ басшысы Марат Елеусізұлы Витебск облыстық атқару комитетінің төрағасы Александр Субботинмен кездескен. Оның қорытындысы бойын­ша аталған екі облыс арасында сауда-экономикалық, ғылыми-техника­лық, мәдени және гуманитарлық салалар бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. 2026-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары әзірленген. Оның іске асырылуы өңіраралық байланыс­ты жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік бермек.
    – Екі ел арасындағы қатынас өзара сенім мен құрметке негізделген. Отыз жылдан аса уақыт бойы байланыс айтарлықтай нығайды. Сексеннен астам халықаралық келісімшарт жасалған.
    Алматы облысы – өнеркәсіп, агро­өнеркәсіп және логистика салаларында әлеуеті жоғары, қарқынды дамып келе жатқан өңір. Біз машина жасау, агроөнеркәсіп кешені, ауыл шаруа­шылығы өнімдерін қайта өңдеу бойын­ша және инвестициялық жоба­лар­ды іске асыруда бірлесіп жұмыс істеуге мүдделіміз. Алматы облысының эко­номикалық көрсеткіші жылдан-жылға ілгерілеп келеді. Өткен жылы жалпы ішкі өнім көлемі бойынша республика­да 10-нан 5-орынға көтерілді. Әлемнің 100-ден астам елімен сауда-саттық байланысын орнатқан.
    Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен инновациялық Алатау қаласы құрылмақ. Біз құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру саласы бойынша Беларусь инвесторларын осы жобаға қатысуға шақырамыз. Облыстағы 9 индустриялық аймақ және «Алатау» арнайы экономикалық аймағында компанияларға салық жеңілдігі ұсынылады, – деген Марат Елеусізұлы мәдени-гуманитарлық шараларға да тоқталды. Айтуынша, облыста 1200-ге жуық Беларусь этносы­ның өкілі тұрады. Талғар ауданында «Беларусь мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді. Олар өткен жылы Масленица мерекесін өткізген. Ұйым басшылығы мен этнос өкілдері облыстық және аудандық іс-шараларға белсенді қатысады.
    Өз кезегінде Алексей Богданов екіжақты байланысты нығайтудың маңызы зор екенін атап өтті. Делегация өкілдері ауыл шарушылығы, агро­инженерия саласындағы тәжірибе­лерімен бөлісті.
    «Зубр Агро» ЖШС директоры Дмитрий Фирсов Қазақстан мен Беларусь арасындағы бірлескен жобаға тоқталды. «Компаниямыздың мақсаты – Беларусь технологиялары мен өнімдерін Қазақстан нарығында ілгерілету. Біз фермерлерге арналған жабдықтар, мал өсіру, топырақты өңдеу, астық сақтау және ауыл шаруа­шылығы мен агроөнеркәсіп саласын­дағы мәселелерге кешенді шешім ұсынамыз.
    Екі тарап Елшілігінің бастамасы­мен кәсіптік оқыту бағдарламасы ұйымдас­­тырылды. Студенттер екі жыл Қазақстанда, кейін екі жыл Беларусь елінде білім алады. Олар тек теориялық біліммен шектелмей, Беларусь технологиясымен танысып, шаруашылықтағы ғылыми шешімдерді тәжірибе жүзінде қолдануды үйренеді. Нақты қай мамандықтар оқытылатыны қыркүйек айында белгілі болады. Зоотехника, ветеринария, топырақты өңдеу бағыттары енгізілуі мүмкін. Сонымен қатар қысқа мерзімді оқу мүмкіндігі де бар. Бұл біліктілікті арттыру курсына ұқсайды. Яғни білімі мен тәжірибесі бар мамандар 10-15 жұмыс күні аралығында арнайы технологиялардың қыр-сырын мең­гереді. Жобаға әр елден 60 студент қатысады деп жоспарлап отырмыз. Әлі де талқылану үстінде. Бағдарлама наурыз-сәуір айларында нақты бекітіл­еді», – деді ол.
    Кездесу соңында екі тарап өзара ынтымақтастықты нығайтып, нәтижелі әрі табысты байланыс орнатуға уағда­лас­ты.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Ұсынымдар

    Спортшылармен сырласты

    Спортшылармен сырласты

    7 months ago
    Өнегелі өңірдің өрісі кең

    АЗАТТЫҚ АЙҒАҒЫ

    4 months ago
    Қор міндеттерінің бірі – науқастармен кері байланысты бақылау

    Қор міндеттерінің бірі – науқастармен кері байланысты бақылау

    1 year ago
    Премьер-министр Әлихан Смайылов өз қызметіне қайта тағайындалды

    2025 жылдан бастап аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері сайланады

    3 years ago
    Қызылша жұқтырған 30 бала жансақтау бөлімінде жатыр

    Қызылша емі – екпе

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>