⛅
5°C
Қонаев
Жұма, Ақпан 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жұмысшылармен кездесті

    19.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жұмысшылармен кездесті
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан мен Нұргүл Тау бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының мүшелері «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

    Ең әуелі аймақтық коалиция жетекшісі Қуат Байғожаев еліміздің саяси өміріндегі тарихи белес саналатын жалпыхалықтық референдумның маңызын атап өтті. Қуат Сұлтанұлының сөзінше, бұл науқан жай ғана дауыс беру емес, бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің бастауы.
    Кездесу барысында коалиция мүше­лері жаңа Конституция жобасының қалай дайындалғанына тоқталды. Консти­туциялық комиссия жарты жыл бойы қоғаммен ашық диалог орнатып, мыңдаған азаматтың ұсыныс-тілегін сараптаған. «Тәуелсіздік тамырына балта шабуға бағытталған кез келген қадам заңнамалық тұрғыдан мұқият талдануы тиіс. Жаңа Конституция жобасының бірінші бабынан бастап, барлық 11 бөлімі мен 96-бабына дейін – Тәуелсіздікті қорғауға бағытталған. Бұл әдеби, мәдени, рухани, ғылыми, экономикалық және саяси еркіндікті, азаматтардың ар-ождан бостандығын, аумақтық тұтастықты, басқа елдермен қарым-қатынасты қамтиды, мұның бәрі жаңа Ата Заң жобасына енгізілген. Бұл – жаңа тарихи кезеңнің бастауы. Жаңа Конституция – еліміздің болашақ даму бағытын айқындайтын стратегиялық құжат. Ол әділеттілік қағидаттарына негізделген жаңа саяси мәдениетті қалыптастырып, мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтады. Біздің міндетіміз – осы тарихи шешімнің маңызын әрбір азаматқа түсіндіру», – деді депутат Жанарбек Садықанұлы.
    Жалпыұлттық коалицияның мүшесі Нұргүл Таудың айтуынша, Конституция жобасында заман ағымына сай, жаңа редакцияда алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма енгізілген. Технологиялар қарыштап дамыған уақытта адамның жеке деректері мен виртуалды кеңістіктегі қауіпсіздігін конституциялық деңгейде бекіту – уақыт талабы. Бұл өзгеріс әрбір қазақстандықтың киберкеңістіктегі құқығының тапталмауына кепілдік бермек. «Қоғамды толғандыратын тағы бір маңызды мәселе – отбасы институты. Жаңа Конституцияда неке ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екені айқын көрсетілген. Бұл норма ұлттық құндылықтарымызды сақтап, отбасының қасиетті мәртебесін нығайтуға бағытталған», – деді ол.
    Өңірлік коалиция мүшелері еліміздің институционалдық жаңғыру жолында маңызды кезеңнен өткеніне тоқталды. Атап айтқанда, «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласының нығаюы, Консти­туциялық Соттың жұмыс істеуі, заңсыз шығарылған активтердің мемлекетке қайтарылуы, ұлттық ресурстарды әділ бөлу қағидатының күшеюі – әділдік пен теңдікке негізделген жаңа саяси мәдениеттің нақты көрінісі екені айтылды. Барлық шешім әділдік, теңдік және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік құндылықтарына сүйенетіні атап өтілді.
    «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесуде сөз сөйлеген аймақтық коалиция мүшелері – «Respublica» партиясы Алматы облыс­тық филиалының төрағасы Ержан Нүсіпбекұлы, «Ақ жол» партиясының өкілі, облыстық мәслихаттың депутаты Сергей Горяной осы шешуші кезеңде жаңа Конституцияны қабылдаудың тарихи маңызын халық арасында кеңінен түсіндіру үшін облыстағы жетекші қоғамдық-саяси күштердің бірлесуі аса маңызды екенін жеткізді. «Қапшағай бидай өнімдері» ЖШС жұмысшылары кездесу соңында ел ертеңіне бейжай қарамайтындарын білдірді.
    Бұған дейін «Әділетті және про­грес­сивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясын құру жөніндегі респуб­ликалық бастама аясында облыстық коалициясы құрылды. Олардың қатарын­да мәслихат төрағалары мен депутат­тар, саяси партия филиалдарының жетекші­лері, заңгерлер, қоғамдық ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құрал­дары­ның өкілдері, сарапшылар, кәсіподақ және жастар бірлестіктерінің мүшелері бар. Бүгінде коалиция мүшелері облыс аумағында ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізуде.

    Ерзат АСЫЛ

    Ұсынымдар

    Жұмысқа адалдық

    Жұмысқа адалдық

    2 months ago
    2-6 жас аралығындағы балалардың 92.5 пайызы мектепке дейінгі білім берумен қамтылды

    2-6 жас аралығындағы балалардың 92.5 пайызы мектепке дейінгі білім берумен қамтылды

    1 year ago
    БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

    БІРЛЕСКЕН КӘСІПОРЫН

    12 months ago
    Жұмысшы жастар доп тепті

    Жұмысшы жастар доп тепті

    4 months ago
    Жас маманға қолдау бар

    Жас маманға қолдау бар

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>