⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Ақпан 25, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жаңа мүмкіндік алаңы

    24.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жаңа мүмкіндік алаңы
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қаскелең қаласында жаңадан бой көтерген Жастарға қызмет көрсету орталығының базасында «Shamshyraq» заманауи ұстаздар HUB-ы ашылды. Жоба Қарасай аудандық білім бөлімінің бастамасымен қолға алынып, облыстық жастар ресурстық орталығымен бірлесіп жүзеге асырылды.

    Салтанатты жиында Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Бексұлтан Ақылбекұлы ұстаздар қауымын жаңа HUB-тың ашылуымен құттықтады.
    – Біз бүгін Қарасай ауданының білім беру кеңістігінде жаңа серпін беретін маңызды оқиғаның куәсі болып отырмыз. Бұл педагогтің кәсіби дамуына, шығармашылық ізденісіне және тәжірибе алмасуына жол ашатын алаң болмақ. Ауданда 8 мыңға жуық педагог еңбек ететін болса, олардың мыңға жуығы жас маман екені рас. Осы орайда, бұл орталық жас ұстаздардың кәсіби бейімделуіне, тәжірибе алмасуына және жаңа жобаларды жүзеге асыруларына ықпал етеді деп сенемін, – деді ол.
    Келесі кезекте сөз алған Қарасай ауданының Құрметті азаматы, «Асыл ана» ұйымының төрағасы Ұлтусын Амангелдіқызы тәуелсіз мемлекетімізде жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру мәселесінің маңызы туралы айта келіп, жас ұстаздардың алдында тұрған жауапты әрі мерейлі міндеттерді жүзеге асыруда жаңадан ашылып отыр­ған орталықтың тигізер пайдасына тоқталды.
    Өз кезегінде ардагер-ұстаз Нағима Сағатқызы бүгінгідей еркін де ерікті елде еңбек етіп жатқан жас ұстаздардың қаншалықты бақытты екенін айта келіп, болашақ үшін осындай мүмкіндіктер жасап отырған облыс және аудан басшыларына жұртшылықтың алғы­сын жеткізді. Қаншалықты жаңа техно­логиялар пайда болып, ғалам көз ілеспес жылдамдықпен дамыса да мұғалімнің жылы жүрегі мен ақыл-қайратын алмастыра алмайтынын айтып, баланы жақсы көріп, өз ісін шынайы сүйген­де ғана еңбегі еселеп қайтатынын жеткізді.
    Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағат Мәсімақынұлы ұлты­мыз­дың ежелгі дәстүрі бойынша жаңа орталықтың табысты жұмыс жасауына ақ батасын берсе, облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Мақсат Кеңешов пен Қарасай аудан­дық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаева өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
    Салтанатты жиыннан кейін орта­лыққа келген жас ұстаздар арасында «HUB лабиринті» атты квест ойыны ұйымдастырылды. Технология, логика және ауданға қатысты сұрақтарға жауап беріп, білім мен біліктіліктерін көрсеткен жеңімпаздар тиісті марапат­тарын алды.
    «Shamshyraq» заманауи ұстаздар HUB-тың қызметі кәсіби менторлық қолдау көрсетуге, әдістемелік көмек ұйымдастыруға, психологиялық бейім­делуді қамтамасыз етуге, иннова­циялық технологияларды енгізуге және көшбасшылық дағды­ларды дамытуға бағытталған. Мұнда жас мамандар үшін семинарлар, тренингтер, кездесулер мен жобалық жұмыстар өткізіліп тұратын болады. Сонымен қатар «Жайдарман», «Дебат клубы», «Podcast» алаңдары жұмыс істейді. Шеберлік сабақтары, көрмелер мен үйірмелер және басқа да іс-шаралар өткізіп тұру жоспарланған. Аталған шаралар ұстаздардың кәсіби дамуына, шығармашылық әлеуетін арттыруға, тың идеяларды жүзеге асыруға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталғанын айта кету керек.
    «Shamshyraq» заманауи ұстаздар HUB-ының ашылу салтанатына келген қонақтар ғимарат ішін аралап, осындағы «Айна» шешендік өнер клубы­ның жұмысымен, Абай атындағы мектеп-гимназия оқушыларының робото­техника саласында жеткен жетістік­терімен танысты.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Ұсынымдар

    Айтыстың ақтаңгері

    Отыздан жасы аспаған, Өшпейтін бір із тастаған

    3 months ago
    «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндік беріп отыр

    «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына жаңа мүмкіндік беріп отыр

    4 months ago
    AMANAT: Петроглифтер жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр

    AMANAT: Петроглифтер жойылып кетудің аз-ақ алдында тұр

    2 years ago
    Қонаевта 13 000 оқушы ағаш тұқымын егу рәсіміне қатысты

    Қонаевта 13 000 оқушы ағаш тұқымын егу рәсіміне қатысты

    2 years ago
    Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет – Президент

    Қазақстан армиясы кез келген сын-қатерге дайын болуы қажет – Президент

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>