ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Агроөнеркәсіп кешеніндегі экономикалық саясатты талдау орталығымен бірге ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне арналған «Төрт түлік» мобильді қосымшасын әзірледі.
«Tort tulik» мобильді қосымшасы ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне шаруашылықты қолайлы жүргізу мақсатында әзірленген. Мобильді қосымша арқылы ауыл шаруашылығы жануарларын есепке қою, шығару, сату немесе сою кезінде жүргізілетін рәсімдерді жеңілдетуге, сондай-ақ ветеринариялық құжаттарды онлайн түрде алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мобильді қосымшада жануарлар санына бақылау жүргізуге арналған тізім, жануарларға жүргізілген ветеринариялық іс-шаралар бойынша бақылау жүргізу мүмкіндігі, ауыл шаруашылығы жануарларын сату және сатып алу жұмыстарын онлайн рәсімдеу, жеке тұтыну мақсатында сойылған ауыл шаруашылығы жануарларын есептен шығаруға өтініш білдіру, туған ауыл шаруашылығы жануарларын тіркеу үшін өтініш білдіру, бірдейлендіруге арналған құлақ жапсырма сырғалары жоғалған немесе бүлінген жағдайда оны ауыстыру, ветеринариялық паспорт алу, ауыл шаруашылығы жануарлары мен олардың иелері туралы мәліметтерді түзету модульдері қолжетімді.
Қосымша смартфонда онлайн режимде жұмыс істейді. Қосымшаны Play market және App store жүйелерінен жүктеп алу мүмкіндігі бар. Қосымшада көрсетілген мол мүмкіндіктері ескере отырып ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін «Tort tulik» мобильді қосымшасына тіркелуге шақырамыз. Жүйеге тіркелуде қиындықтар туындаған жағдайда Қонаев қаласы бойынша 1-ықшамаудан, 41 А/1, 1-қабат, 8-кабинет мекенжайында орналасқан Қонаев қаласының ветеринариялық бөліміне, Шеңгелді ауылдық округі бойынша Айымбетова көшесі 47 мекенжайында орналасқан Шеңгелді ауылдық округінің ветеринариялық пунктіне көмекке жүгінуіңізді сұраймыз.
Гүлсім ТОҒЫСБАЙ,
Қонаев қалалық ветеринария бөлімінің ветеринар-дәрігері



