⛅
17°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 16, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қос қуаныш

    26.02.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Қос қуаныш
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Қаскелең қаласындағы В. Белинский атындағы орта мектеп-гимназиясында бірден екі маңызды жаңалық болды: ағылшын тіліндегі театр ашылды және «Fashion Fab Lab» шығармашылық сән шеберханасы жұмысын бастады.

    Мектеп директоры Тұрсын Сайбырова­­­­ның айтуынша, жас әртістер түрлі қойылымдар дайындайтын болады, ал тігіншілер мен сәнгерлер технология пәні мұғалімдері және ата-аналармен бірлесе отырып, оларға арналған костюмдер мен декорациялар әзір­лейді, халықтың қолданбалы өнерін дамытып, шеберлік сабақтарын өткізеді.
    Шығармашылық шеберхананың ашылу салтанатына педагогика сала­сының ардагері, «Асыл ана» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Ұлтусын Бархинова, Алматы қаласын­дағы Назарбаев зияткерлік мектептері дербес білім беру ұйымының педаго­гикалық шеберлік орталығының директоры Берік Асубаев және аудандық білім бөлімінің басшысы Әсел Еркімбаева қатысты.
    «Fashion Fab Lab» аясында қонақ­­тарға құрақ құрау және киіз басу бойынша шеберлік сабақтары көрсетілді. Оларды технология пәні мұғалімдері Айжан Жауар, Әсем Сәбитова және Ажар Семинтерова жүргізді. Мектептің мәжіліс залында жаңа театрдың жас әртістері дайындаған «Once upon a time» атты ертегілер әлеміне саяхат ұйымдастырылды.
    Концерт бағдарламасын 7-сынып оқушылары ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде орындады. Одан кейін тек ағылшын тіліндегі театрландырылған қойылымдар легі жалғасты. Сахнада өнер көрсеткендер – оқу жылының басынан бері ашылған халықаралық сыныбында білім алған оқушылар. Бұл күні мектеп сахнасында «Қызыл телпек», «Маугли», «Ақшақар және жеті гном», «Жоғалған мереке ісі», «Робин Гуд», «Күлбике» ертегілері жаңғырды. Кешті У. Шекспирдің «Ромео мен Джульетта» шығармасынан алынған үзінді түйіндеді.
    Тұрсын Әділбекқызының айтуынша, бұл жұмыстардың барлығы «Адал азамат» және «Адал ұрпақ» тұтас тәрбие бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Сондай-ақ ол мектепте бұған дейін классикалық, қуыршақ және көлеңке театрлары ашылғанын атап өтті. Оларға репертуары тек ағылшын тіліндегі жаңа театр мен «Fashion Fab Lab» шеберханасы жақсы толықтыру болды.

    Қуат Қайранбаев

    Қарасай ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қонаевта дезинсекция және жасыл желектерді өңдеу жүріп жатыр
    16.04.2026
    Ел сыйлаған Қанымжан
    16.04.2026
    Қонаев қаласында «Sport Time» жұмысшы жастар арасында шағын футболдан облыстық турнирі өтті
    15.04.2026
    Қонаевтағы №4 жағажай инвестор қаржысына абаттандырылады
    15.04.2026
    Мал басы төлімен көбейеді
    15.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>