⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Наурыз 6, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жарық пен шабыттың қайнар көзі

    06.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Жарық пен шабыттың қайнар көзі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Мектебімізде Аяулым Баембетова жетекшілік ететін «Мен – журналист» жобасы аясында біз тек мәтін жазуды ғана емес, Ұстаз мамандығының қасиеті мен маңызын көріп келеміз. Бұл жоба көпшілігімізге алғаш рет сұхбат алып көруге, ересектер әлеміне үңіліп, маңызды сұрақтар қойып, шынайы жауаптар естуге мүмкіндік берді. Ұстазымыздың қолдауының арқасында жобаға қатысушы білім алушылар өз таланттарын ашып, батыл, зерек әрі жанашыр сұхбаттас болуды үйренуде. Біз педагог еңбегін, әсіресе даналықты, мейірімділікті, төзімділік пен шабытты бойына тоғыстырған әйел-ұстаздардың еңбегін бағалаудың қаншалықты маңызды екенін түсінеміз.
    Ұстаз – жай ғана мұғалім емес. Ол – тәлімгер, екінші ана, қолдау мен жылулықтың бастауы. Ол әр оқушының бойындағы қабілетті көре біледі және оған қанат бітіреді. Бұл сөз – барша ұстаз әйелдерге деген шынайы алғысымыздың белгісі. Сіздерге мамандыққа деген адал жүректеріңіз, қамқорлық пен сабырларыңыз үшін рахмет айтамыз. Ал әйел ұстаз – тек білім беруші кәсіби маман ғана емес, балалық пен жастық шақтың рухани сақтаушысы, болашақ ұрпақтың мінезін, дүниетанымын және өмірлік құндылықтарын қалыптастырушы жан. Оның рөлі мектеп қабырғасымен шектелмейді. Ол – өмірді тануға, өзін және өзгені түсінуге, қиындықтарды жеңуге және кемелдікке ұмтылуға үйрететін бағыт-бағдар беруші.

    Олар күн сайын өз жанының бір бөлшегін шәкірттеріне арнап, әр балаға сүйіспеншілік, төзім мен даналық сыйлайды. Менің нәзік жанды ұстаздарым тыңдай да, сезіне де біледі, ақылымен ғана емес, жүрегімен де демеу болады. Оның күші – нәзіктігі мен табандылығында, шабыттандырып, жігер беріп, кейде балалардың өзіне де беймәлім қабілеттерін аша білуінде. Қазіргі технология мен жылдамдық үстемдік еткен заманда дәл осындай ұстаз адамгершілік құндылықтарды, руханият пен парасаттылықты сақтап қалатын тірекке айналады. Ол тек оқытпайды – тұлға қалыптастырады, арманға жетелейтін күш пен сенім ұялатады. Сіздерге мамандыққа деген адал жүректеріңіз, қамқорлық пен сабырларыңыз үшін мың алғыс! 8 Наурыз мерекесі құтты болсын! Әр балаға арнаған жүректеріңіз бен өлшеусіз еңбектеріңіз үшін рақмет!

    Айару Бейсембек,
    Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектептің
    8-ші сынып оқушысы
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ «ХЕНКЕЛЬ САС КАЗАХСТАН» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ
    06.03.2026
    Құс фабрикасы жаңа Ата Заңды қолдауға шақырады
    06.03.2026
    Ізгі жандарға ізет
    06.03.2026
    КОАЛИЦИЯ МҮШЕЛЕРІ №15 ОРТА МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    06.03.2026
    КОАЛИЦИЯ» МҮШЕЛЕРІ «ЮНАЙТЕД ХАЙДЖИ» ЖШС ҒИМАРАТЫНДА ЕҢБЕК ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
    06.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>