⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақтың әжелері-ай!

    14.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет
    Қазақтың әжелері-ай!
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Еңбекшіқазақ ауданы Қаракемер ауылындағы қоғамдық-мәдени іс-шаралар «Інжу-маржан» әжелер ансамблінсіз өтпейді. Ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді, әдет-ғұрпымыз бен салт-дәстүрімізді дәріптеп, жастардың бойына рухани қазынамызды дарытып жүрген асыл жандарға дән риза боласың.

    Қаракемер Мәдениет үйінің директоры Арайлым Мамырбек­қызының қолдауымен 2014 жылы құрылған «Інжу-маржан» ансамблі жұмысын жылдан-жылға жандандырып, ән қорын күннен-күнге көбейтіп келеді. Бүгінде өнер ұжымында 74 жастағы Тұрсынхан апа бастаған, Күлзипа, Кеменгүл, Балагүл, Нұргүл, Сарахан, Гүлсанат және Кәрімхан сынды сегіз әже бар. Ансамбльге Қаракемер ауылдық Мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі, айтыскер ақын Ерқуат Оңашханұлы жетекшілік етеді.
    «Әр жұма сайын Мәдениет үйіне жиналамыз. Ол күні әжелеріміз үйде пісірген жеті шелпек, тәтті-дәмдісін алып, дайындыққа көтеріңкі көңіл күймен келеді. Алдымен асханада әңгіме-дүкен құрып отырып, бір шәугім шай ішеміз. Сол жерде-ақ алдағы жоспарды пысықтап аламыз. Одан кейін кіші залға барып, жаңа әндерді үйренеміз», – дейді Ерқуат Оңашханұлы.
    Әжелердің ән қорында халық әндері, қазақтың белді композиторларының ел арасына кеңінен танылған туындылары бар. Қазіргі уақытта олар Наурыз мерекесіне қызу дайындық үстінде. Мереке демекші, «Інжу-маржан» әжелер ансамблі ауылда өтетін барлық қоғамдық-мәдени іс-шараның бел ортасында жүреді. Халық әндерін орындап, құлақ құрышын қандырса, енді бірде бесікке бала бөлеп, тұсау кесіп, ата-бабамыздың салт-дәстүрін жаңғыртып, жастармен тәрбие сағатын өткізіп, оқушы, студент қыздарға жүн түтіп, ұршық иіруді үйретіп, тіккен көрпе-жастықты көрмеге қойып, ұлттық қолөнерімізді көпшілікке паш етеді. Ауылдың жас келіндеріне жөн сілтеп, бағыт-бағдар беріп отыруы да – аналарымыздың ұлттық құндылықтарымызға, ұлтқа деген жанашырлығы.
    «Әртүрлі аспапты қосып, әрі жаңа өнерпаздар алып, ансамбльдің ауқымын кеңейтсек деймін. Осы Мәдениет үйінде күзетші болып жұмыс істейтін 60 жастан асқан Бауыржан есімді ағамыз бар. Гитарамен ән айтады. Аспапты керемет меңгерген, дауысы да ғажап. Сол кісіге ансамбльде өнер көрсетіңіз деп қолқа салып жүрмін. Әжелеріміздің алды сексенге таяп қалды. Соған қарамастан олар өте қағылез, әннің сөзін бірден жаттап алады. Дайындықтан қалмай келіп, әр іске ерекше құлшыныспен кіріседі. Ол кісілердің жүріс-тұрысы, сахна мәдениетін сақтауы, әппақ кимешегі – бәрі-бәрі біздің ансамбльдің деңгейі биік екенін байқатып тұрады», – дейді Ерқуат Оңашханұлы.
    Иә, биік талғам мен тыңдарман алдындағы жоғары жауапкершіліктің арқасында «Інжу-маржан» әжелер ансамблі аудандық патриоттық ән байқауының жеңімпазы да болды. Бұл – әжелердің кішкентай ғана жетістігі. Ал жетістіктің ең үлкені – жастарға үлгі болып, ұлттық құндылықтарымызды өскелең ұрпақтың бойына сіңіріп, рухани қазынамызды көпшілікке дәріптеп жүргені.

    Құралай Мұратқызы

    Еңбекшіқазақ ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Көрісу күні Алматы облысында жоғары деңгейде тойланды
    14.03.2026
    6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді
    14.03.2026
    Қарадаладағы игі іс
    14.03.2026
    Кешірім айы
    14.03.2026
    Екі ауылдағы қос қуаныш
    14.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>