⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұрпақ сабақтастығы үзілмесін

    14.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Ұрпақ сабақтастығы үзілмесін
    0
    SHARES
    1
    VIEWS

    Тәуелсіз, егемен елдің жастары білімді, тәрбиелі болса екен деймін. Бүгінгі бейбіт тірлігіміз үшін кең-байтақ жерін қанымен қорғап, ұрпағына аманаттап қалдырған батыр бабаларымыздың аруағы алдында қашанда қарыздармыз. Біздің алдымызда ұрпақтар сабақтастығын үзіп алмау міндеті тұр.

    «Балаңды өз білгеніңмен емес, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле» деген тәмсіл бар дана халқымызда. Сан ғасыр­­лар бойы сұрыптаудан өткен ұлттық құндылықтарымызды көздің қарашығындай сақтап, рухани байлықпен өскелең ұрпақты сусындатуды ешқашан естен шығармаған абзал. Жастардың бойына ерлік рухты, отан­шылдық сезімді сіңіру – көпке ортақ абыройлы іс. Еліміз өркениет көшінен қалмай, әлемде ойып тұрып өз орнын алуы үшін жалпыадамзаттық ізгілікпен қатар, ұлттық тәрбиені де биікте ұстауымыз керек.
    Даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы: «Біздің тарихымыз – батырға бай тарих, халқымыз батырлықты биік дәріптеп, азаматтық пен кісіліктің символы санаған. Батырлық, ерлік ұрпақтан-ұрпаққа атадәстүр болып қала бермек. Өткенін білмеген, тәлім-тәрбие, ғибрат алмаған халықтың ұрпағы – тұл, келешегі – тұрлаусыз», – деген. Ерлік, дәстүр, отансүйгіштік рух – тәуелсіз еліміздің әлем­дік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
    Ата-бабаларымыз баланы бесіктен жақсылыққа баулы­ған. «Үлкенді сыйла, сəлем бер, жолын кесіп өтпе» деген секілді ұлғатты сөздердің мəні терең. Бала кісілікті, адамгершілікті, әдептілікті, сыпайылықты, тіпті өрескел мінез бен бұзақылықты да алғаш өз отбасында көреді. Бұл орайда: «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»  деген халқымыздың даналық сөзі отбасы тәрбиесінің қаншылықты маңызды екенін көрсетеді. Патриоттық сезімнің қалыптасуына ең алдымен ата-ана ықпал етеді. Отанды сүю отбасынан басталатыны сондықтан. Сонымен қатар ауыл-аймағының тигізер әсері де үлкен. Сондықтан да бала тәрбиесі – баршамызға ортақ ма­ңызды міндет десек, еш қателеспейміз. Қоғам бұл іске парасаттылықпен қарап, байсалдылықпен жұмыла білуі тиіс. Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие үлгісін ұғындыру – қазіргі заман талабы және қоғам қажеттілігі.
    Сөзімді түйіп айтсам, халқымыздың тәрбие тәсілдері – сан ғасырдан бері жинақталып келе жатқан алтын қазығымыз. Сол таным ұрпақ тәрбиесінде кеңінен қолданыл­ғаны жөн.

    Қамбархан ҮМБЕТОВ,
    еңбек ардагері, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы

    Соңғы жаңалықтар

    Көрісу күні Алматы облысында жоғары деңгейде тойланды
    14.03.2026
    6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді
    14.03.2026
    Қарадаладағы игі іс
    14.03.2026
    Кешірім айы
    14.03.2026
    Екі ауылдағы қос қуаныш
    14.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>