☀️
3°C
Қонаев
Сенбі, Наурыз 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Жүрекке жылу сыйлады

    14.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Жүрекке жылу сыйлады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алғыс айту – адамгершіліктің белгісі. Қарапайым ғана «рахмет» деген сөздің өзі адамдар арасындағы сыйластықты арттырады. Сондықтан алғыс айту мәдениеті кез келген қоғамда ерекше орын алады. Біздің елімізде көктемнің алғашқы күні аталып өтетін Алғыс айту күні – мейірімділік пен ризашылықтың мерекесі. Осыған орай Талғар ауданындағы №23 жалпы білім беретін орта мектептің 4 «Б» сынып жетекшісі И.Жукова тағылымды әрі әсерлі іс-шара ұйымдастырды.

    Мерекелік шараның басты мақсаты – оқушылардың бойындағы ризашы­лық сезімін қалыптастыру, үлкенге – құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәр­бие­леу және еліміз­дегі ұлттар дос­тығын насихат­тау. Шара барысында көріністер қойылып, көрерменге алғыс айту­дың мәні мен маңызы кеңінен түсін­дірілді. Оқушылар алғыс айтып, өлеңдер оқып, әсерлі әндер орын­дады. Әсіресе ата-анаға, ұстазға және достарға арналған шынайы лебіздер көпшіліктің көңілін толқытты.
    Шара соңында №23 жалпы білім беретін орта мектеп дирек­торы Елмира Бейсембаева сөз сөй­леп, ата-аналарды мерекемен құт­тық­­­тады. Мектеп пен ата-ананың тығыз байланысы, бірлескен еңбегі – оқушы­ның жан-жақты дамуына жол ашатын маңызды қадам екенін
    айтып, ынтымақтастықтың нәтижесінде сыныпта тәртіп, білім сапасы және ұйым­шылдық жоғары деңгейде қалып­тасатынын жеткізді. Жас ұрпақты мейірімділікке, адамгершілікке және сыйластыққа тәрбиелеу ортақ міндет екенін алға тартты.
    Алғыс айту – адамдарды жақын­дастыратын, жүрекке жылу сыйлайтын ізгі әрекет. Әр адам күнделікті өмірінде өзгелердің еңбегін бағалап, ризашы­лығын білдіріп отырса, қоғамы­мызда мейірімділік басым болады. Сондықтан «рахмет» деген сөзді жиі айтып, айналамыздағы адамдарға құрмет көрсетуді ұмытпауымыз керек. Мерекелік кеш қатысушыларға ерекше әсер қалдырды. Осындай тағылымы мол шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштікті арттырып, ризашылық сезімді нығайта түсетіні сөзсіз.

    Шынар СЕРҒАЛИ,
    №23 жалпы білім беретін орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
    Талғар ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    6654 әскери бөлімде Көрісу амалы атап өтілді
    14.03.2026
    Қарадаладағы игі іс
    14.03.2026
    Кешірім айы
    14.03.2026
    Екі ауылдағы қос қуаныш
    14.03.2026
    Жүрекке жылу сыйлады
    14.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>