⛅
2°C
Қонаев
Жексенбі, Наурыз 15, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    «Өзгеріс жауапкершіліктен басталады»: Алматы облысының әкімі референдумда дауыс берді

    15.03.2026
    in Барлық жаңалықтар
    «Өзгеріс жауапкершіліктен басталады»: Алматы облысының әкімі референдумда дауыс берді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев республикалық референдумда дауыс берді. Аймақ басшысы Қонаев қаласындағы №949 референдум учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Облыс әкімі бұл күннің ел үшін маңызы бар ерекше екенін атап өтті.
    «Бүгін еліміз үшін аса маңызды тарихи сәт. Өзім тіркелген референдум учаскесіне барып, Алматы облысы тұрғыны әрі осы елдің азаматы ретінде таңдауымды жасадым. Әр азаматтың таңдауы мемлекетіміздің тұрақтылығы мен дамуына негіз болады» – деген Марат Елеусізұлы Алматы облысында бұл науқанды ұйымдастыру үшін ауқымды жұмыстар атқарылғанын баяндады.
    «Өңірде жалпы саны 682 референдум учаскесі ашылды. Оның ішінде ауруханалар, әскери бөлімдер мен әлеуметтік орындарда 41 учаске жұмыс істеп тұр. Дауыс беру процесін жүргізуге тартылған 4806 маманның барлығы арнайы оқудан өтіп, дайындықтарын пысықтады. Сондай-ақ 16 қоғамдық ұйым өкілі бақылау жүргізуде.
    Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін цифрлық мүмкіндіктер де қарастырылған. Учаскелердің басым бөлігі азаматтарды тексеру жүйесіне қосылған. Қонаев, Есік, Талғар, Қаскелең қалалары мен Өтеген батыр кентіндегі 5 учаскеде тұрғындарды тікелей сол жерде тізімге қосу мүмкіндігі бар. Облыс бойынша референдумға қатысу құқығы бар 1 миллионнан астам азамат тізімге еніп, олардың бәріне шақыртулар таратылды. Мүмкіндігі шектеулі жандардың кедергісіз дауыс беруіне ерекше көңіл бөлінді. Облыстағы мүгедектігі бар 2320 азамат үшін учаскелерде арнайы пандустар, ыңғайлы кабиналар мен көру, есту қабілеті нашар жандарға арналған көмекші құралдар мен белгілер орнатылды» – деген облыс әкімі өзгеріс жауапкершіліктен басталатынын, жаңартылған Конституция әрқайсымыздың құқығымызды нығайтып, мемлекеттің халық алдындағы міндетін айқындай түсетінін жеткізді.

    Айта кетейік, бүгін Қазақстан бойынша жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдум өтіп жатыр. Кәмелет жасына толған әрбір азамат өз таңдауын жасауға құқылы.

    Соңғы жаңалықтар

    Қарасай ауданында жергілікті өндірушілер жәрмеңкесі өтті
    15.03.2026
    Жыр алыбы Жамбылдың шөбересі белсенділік танытты
    15.03.2026
    Алатау қаласының әкімі Аркен Өтенов референдумда дауыс берді
    15.03.2026
    Референдумдағы қар барысы
    15.03.2026
    Кенен Әзірбаевтың қызы ел болашағына зор сенім білдірді
    15.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>