Бүгінгі референдумда Кеген ауданы Ұзынбұлақ ауылының тұрғыны, 104 жастағы Күлпара Шортанова өз таңдауын жасады. Ғасырлық ғұмыр иесі ел болашағына бейжай қарамай, немере-шөберелерінің жарқын келешегі үшін дауыс беруге келді.
Ғасыр куәсі болған ақ жаулықты ананың бұл қадамы – жас ұрпаққа үлгі һәм ел тағдырына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі. Ел болашағына алаңдаған абзал ананың азаматтық ұстанымы көпшілікке өнеге болды.
Ұзынбұлақ ауылындағы №573 референдум учаскесіне Күлпара Шортановамен бірге оның ұрпақтары да дауыс берді. Ғасыр жасаған әженің 86 жастағы ұлы Марат Тақабаев, 51 жастағы немересі Олжас Маратұлы, 26 жастағы немересі Бейбіт және 19 жастағы шөбересі Бақтияр өз таңдауларын жасады.
– Ел-жұртымыз аман, ұрпақтарымыздың болашағы жарқын болсын! – деген Күлпара Шортанова апамыз қазақ еліне ақ батасын берді.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы




