⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Наурыз 19, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    ДӘСТҮРДІ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ҰШТАСТЫРДЫ

    17.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология, Мереке
    ДӘСТҮРДІ ТЕХНОЛОГИЯМЕН ҰШТАСТЫРДЫ
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

       Қонаев қаласындағы Alatau Hub алаңында Наурыз дәстүрлері мен заманауи цифрлық технологияларды біріктірген «AI Digital Nauryz» атты мерекелік шара өтті. Мақсаты – ұлттық дәстүрлердің цифрландыру, инновациялар және жасанды интеллектінің дамуымен үйлесімді түрде ұштаса алатынын көрсету. Басқосуға IT-қоғамдастық өкілдері, студенттер және технологиялар мен цифрлық экономиканың дамуына қызығушылық танытатын жастар қатысты.

    Шара барысында «Neckarwiese» ЖШС директоры Тимур Бакибаев «Жасанды интеллект қалай өзін-өзі дамытады?» атты баяндамасы тыңдалды.  Спикер жасанды интеллектінің өзін-өзі оқыту қағидалары, машиналық оқыту және нейрондық желілердің жұмысы мен стартаптар туралы айтып берді. Әсіресе нейрожелілердің қателіктерді қалай талдайтыны, деректерді қалай жинақтап, әр жаңа сұраныспен қалай жетіле түсетіні жайлы мағлұматы  IT саласына енді ғана қадам басқан жастар үшін өте пайдалы болғаны анық.  Қатысушылар заманауи технологиялық трендтерді талқылап, тәжірибе алмасып, жаңа кәсіби байланыс жасап, бүгінгі күн мен болашақ жайлы жанды диалогқа қатысты.

    Өз кезегінде сөз алған Қырғызстаннан келген  мейман Бектур Токтогулов «Жасанды интеллект көмегімен MVP қалай жасауға болады?» деген тақырып аясында  AI құралдарын пайдалана отырып, IT-өнімдерді жылдам құру және іске қосу жайындағы тәсілдерін бөлісті. ITC Soft компаниясының Co-Founder & Software Engineer маманының таныстырылымы өз өнімін жасауды армандайтын, бірақ неден бастарын білмейтіндер үшін көп көмек болғаны даусыз. AI құралдарының көмегімен минималды өміршең өнімді (MVP) қалай тез жасауға болатынын түсіндірген оның өз тәжірибесіне сүйенген кеңестері үлкен қызығушылық тудырды.

    Келесі кезекте IT Quiz ұйымдастырылып, ұлттық ойындар мен  бейресми нетворкинг-сессия өтті. Ұлттық ойындардағы сайыстар цифрлық технологиялар бойынша интеллектуалды батлға ұласты. Қатысушыларға наурыз көже, бауырсақ және қазақтың ұлттық асханасының басқа да дәмдері ұсынылды. Сонымен қатар домбырамен күй орындалып, мерекеге орай  халқымыздың дәстүрлерін дәріптеуге мүмкіндік жасалды. Осы орайда ұйымдастырушылар тарапынан қойылған технологияға қатысты викторина қатысушылардың логикасы мен тапқырлығын сынайтын қызықты сайысқа айналды. Сұрақтар тарихтан бастап заманауи трендтерге, тіпті қазақ дәстүрлеріне дейін қамтыды.

    – Технология мен мәдениетті ұштастыратын іс-шара өткізуді бұрыннан жоспарлап жүргенбіз. Суденттердің AI туралы пікір алмасып, кейін ұлттық ойындарға белсене қатысып, одан соң наурыз көже үстінде стартаптарды талқылағанын көрдік. Бұл осындай форматтардың қажетті екенін,  кез келген инновациялық өнім адамдар үшін жасалатынын осындай шаралар еске салады. AI Digital Nauryz бастамасы цифрлық технологияларды кеңінен таныстыруға, инновациялық мәдениетті дамытуға және технологиялық қауымдастықты біріктіруге бағытталған. Сонымен қатар бұл бастама Наурыз мерекесінің ұлттық дәстүрлерін сақтап, оны заманауи форматта көрсетуге және жаңаша мазмұнда ұсынуға арналған, – деді Alatau Hub-тың директоры Жазира Жұмахан.

    AI Digital Nauryz атты шара – ұлттық құндылықтарды XXI ғасырмен ұштастырудың жарқын үлгісі. Мұнда дәстүрді технологиямен алмастыруға тырыспай, нейрожелі жасайтын адам өз мәдениетінің бір бөлігі бола алатыны көрсетілді. Мұндай бастамалардың өңірде инновацияны дамытуға ықпал етіп, дәстүр мен прогресс бір-біріне жаңа дүниелерді бірге жасай алатын серіктес екенін дәлелдейтіні сөзсіз.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    ЖИ

    1 of 2
    - +

    1.

    2.

    Соңғы жаңалықтар

    Ұлыс күні аясында
    18.03.2026
    Әрбір шешім маңызды
    18.03.2026
    Жаңа Конституция қабылданды
    18.03.2026
    Екі амбулатория ел игілігіне берілді
    18.03.2026
    Бір тал кессең, он тал ек
    18.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>