☀️
10°C
Қонаев
Сәрсенбі, Наурыз 18, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Сабақ сапасын арттырады

    18.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Жоғары технология
    Сабақ сапасын арттырады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Қонаев қаласындағы орта мектеп-гимназиясында «SMART Teacher Qonaev» жобасы аясында «Сабақ сапасын арттырудағы цифрлық құралдар мен ЖИ мүмкіндіктері» тақырыбында тәжірибелік алаң өтті. Жаңа технологияны тиімді қолдану дағдыларын дамытуға  бағытталған семинарға өңір мұғалімдері қатысты.

    Тәжірибелік алаң Interactive Corridor форматындағы инновациялық жобалардан басталып, онда мектептің STEM, робототехника және ЖИ бағытындағы жұмыстары таныстырылды. Бағдарлама аясында «Цифрлық дидактика» бөлімінде сабақ сапасын басқарудың жаңа тәсілдері мен ЖИ көмегімен оқу материалдарын әзірлеу жолдары ұсынылды. Сонымен қатар «ЖИ және цифрлық сабақ зертханасы» тақырыбында сабақтар өткізіліп, робототехника, физика, математика және бастауыш сыныптар бойынша цифрлық технологияларды қолданудың нақты тәжірибелері көрсетілді.

    Іс-шара барысында педагогтер үшін цифрлық платформалар, vibe coding, ЖИ арқылы кері байланыс ұйымдастыру жөніндегі шеберлік сыныптар өткізілді.

    «Қазір ЖИ-дің арқасында білім беруде көптеген инновациялық әдіс-тәсіл қолданылады. Мысалы, тарих сабағында оқушылар ежелгі қалалардың 3D моделін зерттеп, географияда планетарлық жүйелердің құрылымын көре алады. ЖИ сондай-ақ табиғи тілді өңдеу технологиясын пайдалану арқылы тіл үйрену процесін жеңілдетеді. Интерактивті диалогтық жүйелерді қолдану отырып білім беру тәжірибесін жақсартады. Бүгін біз осы мүмкіндіктерді шынайы оқу үрдісінде пайдаланып, өзара тәжірибе алмасып, жаңа трендтерді талқыладық», – деді Қонаев қалалық әдістемелік орталықтың бөлім басшысы   Назым Исаева.

    Аталған іс-шара мұғалімдердің цифрлық құзыреттілігін арттыруға және білім беру үдерісіне жасанды интеллект мүмкіндіктерін енгізуге бағытталған кәсіби тәжірибе алаңына айналды.

    Ерзат АСЫЛ

    Қонаев қаласы

     

    1 of 3
    - +

    1.

    2.

    3.

    Соңғы жаңалықтар

    Құстарға қамқорлық
    18.03.2026
    ШАҢЫРАҚ – БЕРЕКЕ МЕН БІРЛІКТІҢ НЫШАНЫ
    18.03.2026
    Кегендегі қоныс тойы
    18.03.2026
    Сабақ сапасын арттырады
    18.03.2026
    ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ
    18.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>