«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музейінің қызметкерлері Талғар ауданындағы №23 жалпы білім беретін орта мектепке келіп, тарихи жәдігерлерден құралған көшпелі көрме ұйымдастырды.
«Есік» мемлекеттік тарихи-мәдени музейінің қызметкерлері Талғар ауданындағы №23 жалпы білім беретін орта мектепке келіп, тарихи жәдігерлерден құралған көшпелі көрме ұйымдастырды.
Көрме барысында оқушыларға сақ дәуіріне қатысты археологиялық құндылықтар, соның ішінде «Алтын адам» мұрасы және Есік қорғанынан табылған бұйымдар туралы жан-жақты ақпарат беру жұмыстары жүргізілді. Көрмеде археологиялық құнды бұйымдар, «Алтын адам» жәдігеріне қатысты материалдар көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың тарихи танымын кеңейту, ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыру және мәдени мұраны насихаттау. Кездесу барысында оқушылар тарихи құндылықтармен танысып, сұрақ-жауап алмасу арқылы өз білімдерін толықтырды. Көшпелі көрме оқушылардың ұлт тарихына деген қызығушылығын арттыруға және мәдени мұраны құрметтеуге бағытталды. Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап алып, тарихи деректерді жадыларына тоқып, батыр бабаларымыздың өткен өмірінен мол мағлұмат алды. Іс-шараға №23 мектептің 1-6-сынып аралығындағы оқушылары қатысты.
Шынар СЕРҒАЛИҚЫЗЫ,
№23 жалпы білім беретін орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Талғар ауданы





