⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Наурыз 20, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Цифрлық технология – уақыт талабы

    20.03.2026
    in Барлық жаңалықтар, Жоғары технология, Инфрақұрылым
    Цифрлық технология – уақыт талабы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Алматы облыстық цифрлық технологиялар басқармасы мен «Freedom Telecom» ЖШС жасасқан меморандум негізінде Райымбек ауданының орталығы Нарынқол ауылындағы Б.Соқпақбаев атындағы Жастар саябағының аумағы толықтай тегін түрде Wi-Fi желісімен қамтамасыз етілді. Бұл игілікті бастама ауыл тұрғындары мен қонақтарына демалыс уақытын заманауи талаптарға сай қолайлы әрі тиімді өткізуге мүмкіндік тудырғаны анық. Сөйтіп қолжетімді интернетке деген көптің арманы орындалды.

    Осынау қуанышты сәтті бөлісу мақсатында саябақта арнайы жиын ұйымдастырылды. Шараға ауыл тұрғындары, мекеме, ұйым қызметкерлері, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, белсенді жастар және осы жобаны іске асырушы орындардың басшылары мен арнайы өкілдері қатысып, ортақ қуанышқа куә болды. Маңызды іс шараға арналған салтанатты жиында аудан әкімінің орынбасары Дидар Мұқаметжанов сөз сөйледі.

    – Құрметті ауыл тұрғындары! Қадірлі меймандар! Бүгін біз үшін маңызды әрі қуанышты күн. Нарынқол ауылында заманауи цифрлық инфрақұрылымды дамыту жолындағы тағы бір үлкен қадам – қоғамдық Wi-Fi желісі іске қосылып отыр. Бұл жоба – тек интернетке қолжетімділік емес, бұл – білімге, ақпаратқа, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды бастама. Енді ауыл тұрғындары  мен қонақтары жоғары жылдамдықтағы интернетті еркін пайдаланып, күнделікті өмірін жеңілдететін заман талабына сай қызметтердің игілігін көре алады. Мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жатқан осындай жобалар өңірлер арасындағы цифрлық теңсіздікті азайтып, ауыл өмірінің сапасын арттыруға лайықты ықпал ететіні анық. Алдағы уақытта да осындай маңызды жобалар жалғасын таба беретін болады,-деген аудан әкімінің орынбасары тұрғындарды бүгінгі орны бөлек қуанышпен құттықтады. Осынау игі істің жүзеге асуына үлес қосқан цифрлық технологиялар басқармасының басшылығына, «Freedom Telecom» компаниясына ауыл тұрғындары атынан алғыс айтты.

    Келесі кезекте сөз алған Алматы облыстық цифрлық технологиялар басқармасының бастығы Жандос Ақыл қолға алынып отырған игі бастаманың мән-маңызына айрықша тоқталды. Оның айтуынша, аудан орталығындағы халық көп шоғырланған аумақта 75 орынға арналған заманауи интернет желісінің орнатылуы –уақыт талабына жауап беретін маңызды мәселе. Бұл – тек бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да қажеттілігін қамтамасыз ететін жүйелі жұмыстың бір көрінісі.

    Басқарма басшысы аталған жобаның мұнымен шектелмейтінін, цифрлық инфрақұрылымды дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жалғаса беретінін атап өтті. 2027 жылдың соңына дейін ауданның барлық ауылдары жаңа технологияның игілігін көретінін көпшілікті хабардар етті..

    Жиын барысында «Freedom Telecom» компаниясының өкілі Айдос Шәйменов те көпшіліктің қуанышына ортақтастығын білдіріп, өзінің ізгі тілегін білдірді. Ауыл ақсақалы Ізтелеу Дабысбаев ақ батасын беріп, ақ жаулықты аналар шашуларын шашты.

    Осылайша, ауыл тұрғындарының игілігіне арналған тың жоба аясындағы жаңа бастама көктемнің нұрлы шуағына шомылған көпшіліктің ризашылығын тудырып, ерекше көңіл күй сыйлады.

    Жұмабек ТҰРДИЕВ

    Райымбек ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Ғылым мен Конституция арқылы жаңа бағыт: Алматыда Қасым-Жомарт Тоқаев не туралы айтты
    20.03.2026
    Балдай тәтті балмұздақ
    20.03.2026
    Тәні саудың – жаны сау
    20.03.2026
    Жаңаруға бастаған
    20.03.2026
    Ырысы алды – ынтымақ
    20.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>