Балқаш ауданы Ақкөл ауылында Ұлыстың ұлы күніндегі “Наурызнама 10 күндігі” жобасы аясында «Спорт – өмір көркі» атты ұлттық спорттық ойындар сайысы өтті. Ұлттық құндылықтарды ұлықтауға бағытталған бұл шара ауыл тұрғындарының белсенді қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Сайысқа «Болашақ» және «Жас қыран» атты екі команда қатысып, жалпы саны 20 адам қамтылды. Қатысушылар қазақтың дәстүрлі ойын түрлерінде бақ сынап, ептілік пен шапшаңдық, төзімділік пен ұйымшылдықтарын көрсетті. Әсіресе, ұлттық ойындар арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, жастарды спортқа баулу мақсаты айқын көрініс тапты.
Шара барысында көрермендер де ерекше әсер алып, қатысушыларға қолдау білдірді. Дәстүр мен спорт ұштасқан бұл сайыс ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтып, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын тауып, ұлттық ойындарды дәріптеуге өз үлесін қоса бермек.
Балқаш ауданы
Құралбек СӘБИТҰЛЫ





