☀️
20°C
Қонаев
Жұма, Наурыз 27, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Газбен жабдықтау қызметіне қандай жаңа талаптар енгізілді?

    27.03.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Төтенше жағдай, Энергетика
    Газбен жабдықтау қызметіне қандай жаңа талаптар енгізілді?
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығымен газбен жабдықтау және газ тарату жүйелеріне қызмет көрсету саласында жаңа талаптар күшіне енді. Құжат 24 қыркүйекте ресми тіркеліп, өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған маңызды өзгерістерді қамтыды. Бұл туралы Алматы облысы Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР ТЖМ Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өнеркәсіптік қауіпсіздік бөлімінің басшысы Арман Сагимбетов айтты.

    Аталған өзгерістер, ең алдымен, осы салада жұмыс істейтін ұйымдардың жауапкершілігін күшейтіп, қызмет сапасын жақсартуға арналған. Жаңа ережелер бойынша екі негізгі бағытқа бөлек талаптар енгізілген.
    Жаңа талаптарға сәйкес, газбен жабдықтау ұйымдарда кемінде 2 жоғары білімді, 3 жыл тәжірибесі бар маман болуы тиіс. Сонымен қатар 5 техникалық мамандықты игерген маман иелерін жұмыспен қамту міндеттелген. Барлық қызметкерлер өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқытудан өтуі керек.

    Спикердің айтуынша, ұйымдарда міндетті түрде өндірістік база яғни, цех, шеберхана, құрал-жабдықтар, технологиялық регламенттер мен қауіпсіздік нұсқаулықтары және бақылау-өлшеу құралдары, зертхана, өндірістік бақылау қызметі мен апатты-диспетчерлік қызмет жүйесі болуы тиіс.

    «Кәсіпкерлер үшін аттестаттың жаңа қасымша түрін алу маңызды. Бұл талап газ тарату және сұйытылған газ объектілеріне қызмет көрсететін барлық ұйымдарға қатысты» – дейді Арман Сагимбетов.

    Жаңа талаптар өндірістік орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету, мамандардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ ұйымдардық техникалық базасын жаңарту және өрт қауіпсіздігі бақылауын күшейту мақсатында енгізіліп отыр.

    Соңғы жаңалықтар

    Суға ұқыпты қарау – әрбір тұрғынның үлесі
    27.03.2026
    Газбен жабдықтау қызметіне қандай жаңа талаптар енгізілді?
    27.03.2026
    Threads-тегі алаяқ: азаматтар әскердегі сексуалдық зорлық-зомбылық туралы ойдан шығарылған оқиғаға сеніп қалды
    27.03.2026
    Қонаев қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
    26.03.2026
    Адекватность пенсионных выплат
    26.03.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>