⚠️ Ауа райы табылмады.
Сәрсенбі, Сәуір 1, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қазақ тіліндегі корей оқулығы

    01.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Қазақ тіліндегі корей оқулығы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

         Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетінде Корей қоры қолдауымен жүзеге асқан халықаралық жоба аясында қазақ тіліндегі корей тілі оқулығының тұсаукесері және шәкіртақы табыстау рәсімі өтті.

    Шараға Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ха Тэ Ук, Korea Foundation Мәскеу қаласындағы өкілдігінің директоры И Со Мен, Кибер Хангук шет тілдер университетінің профессоры Джин Джон Ран, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы, студенттер мен докторанттар қатысты.
    Салтанатты жиынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Марғұлан Ибрайымов ашып, университеттің халықаралық ынтымақтастықтағы жетістіктері мен корейтану бағытының маңыздылығына ерекше тоқталды.
    Соңғы жылдары университеттің шығыстану факультетінде корейтану бағытына, әсіресе корей тілін меңгеруге деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. Жыл сайын бұл мамандықты таңдаған студенттер саны өсуде әрі олардың басым бөлігі қазақ бөлімінде білім алады. Бұл ана тіліндегі сапалы оқу-әдістемелік материалдарға деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Осы қажеттілікті ескере отырып, өткен жылы халықаралық ынтымақтастық аясында маңызды жоба қолға алынды. Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен «Ақпараттық технологиялар дәуіріндегі корейтану» атты XIII халықаралық ғылыми конференция барысында Корей қоры өкілдерімен жүргізілген келіссөздің нәтижесінде, қор тарапынан Қазақ ұлттық университеті баспасынан корей тілі оқулығын басып шығаруға қолдау көрсету туралы шешім қабылданды. Бұл бастама Корей қорының әлемде корейтануды қолдау және ілгерілету бағытындағы стратегиялық мақсатына толық сәйкес келеді.
    Университет серіктесі ретінде Кибер Хангук шет тілдер университеті өз оқу құралын басып шығаруға және баспа құқығын ұсынуға келісім берді. Сонымен қатар Хангук шет тілдер университетінен жіберілген профессор Сон Ю Джоң жобаның мазмұндық және академиялық сапасын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Нәтижесінде 2025 жылдың қазан айында Korea Foundation Мәскеу қаласындағы өкілдігінің директоры И Со Мен мен ҚазҰУ-дың ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры Марғұлан Қасенұлы халықаралық жобаға ресми түрде қол қойды.
    Корей тілі оқулығының қазақ тіліндегі 4 деңгейлі басылымын әзірлеуге корейтану бөлімінің профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты. Атап айтқанда, «Корей тілі: бастапқы деңгей 1, 2» оқулықтарын Жанар Жаханова, Татьяна Пак, Бектияр Қыдырбаев, Әйгерім Ермекқызы аударса, «Корей тілі: орта деңгей 1, 2» оқулықтарын Зарипа Серікбаева, Назерке Хамитова, Әйгерім Сайлаукенова және Маржан Бегалиева тәржімалады. Филология факультеті деканының орынбасары Жайна Сәткенова мен Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі Ақерке Абаған оқу құралдарына ғылыми-әдістемелік сараптама жасады.
    Шара барысында шығыстану факультетінің деканы Мырзахан Шәріпбайұлы оқу құралының маңыздылығына тоқталып, бұл Қазақстандағы корей тілін жүйелі түрде оқытуға арналған қазақ тіліндегі алғашқы кешенді оқу құралы екенін атап өтті.
    Таныстырылымнан кейін оқулықтың ресми тұсаукесер рәсімі өтіп, символикалық түрде лента қиылды. Іс-шараның маңызды бөлігі ретінде 2025 жылғы Korea Foundation бағдарламасы аясында магистранттар мен докторанттарға арналған шәкіртақылар табысталды.
    Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жоба студенттердің корей тілін сапалы меңгеруіне мүмкіндік беріп қана қоймай, Қазақстандағы корейтану ғылымының дамуына, ұлттық білім беру кеңістігінде қазақ тіліндегі оқу ресурстарының артуына және екі ел арасындағы мәдени ынтымақтастықтың нығаюына елеулі үлес қосады.

    Алма Топантайқызы

    Соңғы жаңалықтар

    Саябақ салынады
    01.04.2026
    Татулығы жарасқан
    01.04.2026
    Есірткіге жол жоқ!
    01.04.2026
    Қазақ тіліндегі корей оқулығы
    01.04.2026
    Мемлекеттік қызметкерлерге арналған маңызды семинар өтті
    01.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>