⛅
24°C
Қонаев
Сенбі, Сәуір 4, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Қара шаңырақ

    04.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Қара шаңырақ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Университет таңдау – көпшілік ойлағандай жай ғана шешім емес. Бұл – адамның болашақ бағытын, кәсіби жолын және өмірлік көзқарасын айқындайтын кезең. Сондықтан көптеген талапкердің таңдауы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне түседі. Бұл шешімнің артында бірнеше маңызды фактор бар: сапалы білім, дамуға ыңғайлы орта және өз мүмкіндігін толық ашуға жағдай жасау.

    Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздің бас жоғары оқу орны және әлемдік деңгейдегі үздік 200 университеттің қатарына енген бірегей білім мекемесі. Мыңдаған жастың арманы тоғысқан, ғылым мен тәжірибе ұштасқан нағыз білім ордасы.
    Бүгінгі таңда экономиканың күре­тамыры қаржы екені даусыз. Ал сол саланың білікті мамандарын даярлауда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебі, соның ішінде «Қаржы және есеп» кафедрасы көш бастап тұр. Бұл – болашақ қаржыгерлердің, аудиторлардың және талдаушылар­дың шыңдалатын орны. Кафедраның басты артықшылығы – оның терең тарихы мен заманауи технологияларды ұштастыра білуінде. Мұнда студенттер тек теориялық білім алып қана қоймай, нақты өмірлік жағдайларды зерттеуге, қаржылық талдаулар жүргізуге және экономика­лық шешімдер қабылдауға үйренеді.
    «Ұстазы жақсының – ұстанымы жақсы». Кафедрада өз ісінің білгір мама­ны, еліміздің экономикасына елеулі үлес қосқан ғалымдар, практикалық тәжірибесі бар оқытушылар дәріс береді. Олар студенттерді тек оқулық­пен шектемей, нарықтың нақты кейстерімен таныстырып, сыни ойлауға баулиды. Әрбір студентке жеке көзқарас, қолдау және бағыт-бағдар беру – оқытушылардың негізгі міндеті.
    Студенттік өмір тек аудиториямен шектелмейді. Сонымен қатар кафедра­да ғылыми-зерттеу жұмыстары да белсенді жүргізіледі. Студенттер түрлі конференциялар мен олимпиадаларға қатысып, өз білімдерін дәлелдеп келеді. Бұл олардың теориялық және практикалық тұрғыда да мықты маман болып қалыптасуына әсер етеді.
    Кафедра әлемнің үздік универ­ситеттерімен тығыз байланыс орнат­қан. Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламалары арқылы Еуропа мен Азияның алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім ала алады. Сонымен қатар «Big Four» аудиторлық компаниялары, ұлттық банктер мен ірі холдингтер кафедра түлектерін жұмысқа алуға әрқашан мүдделі.
    Осындай халықаралық деңгейдегі мүмкіндіктер мен заманауи білім беру жүйесі студенттердің кәсіби маман ғана емес, кең өрелі тұлға болып қалыптасуына негіз қалайды. Университет қабырғасында өткен әрбір күн – жай ғана оқу емес, бұл үлкен белестерге жасалған нық қадам.
    Біз мұнда тек сандарды емес, сол сандардың артында тұрған үлкен мүмкіндіктерді көруді үйретеміз. ҚазҰУ қаржыгерлері – ел экономикасының ертеңгі тірегі.

    Әсет Қыздарбекова,
    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ экономика және бизнес жоғары мектебінің аға оқытушысы,
    Сая Қапалбай,
    Бексұлтан Бекмұратов,
    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қаржы және есеп факультетінің 4-курс студенттері

    Лицензия № KZ89LAM00001798, 17.04.2025 ж

    Соңғы жаңалықтар

    Экожүйені реттейді
    04.04.2026
    Қара шаңырақ
    04.04.2026
    Отбасы және дін
    04.04.2026
    АҚСАҚАЛДЫҚ АТАҚТЫ ХАЛЫҚ БЕРЕДІ
    04.04.2026
    Жүректің жарыққа ұмтылуы
    04.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>