☀️
20°C
Қонаев
Жұма, Сәуір 3, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Білімді ұрпақ – ел мерейі

    03.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Білімді ұрпақ – ел мерейі
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Түркияның Стамбул қаласында мектеп оқушылары арасында «Abai Readings» және «Қазақстан – Түркия: шекарасыз ғылым» атты халықаралық байқау өтті. Мақсаты – қатысушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, Абай мұрасын насихаттау және Қазақстан мен Түркия арасындағы ғылыми-мәдени байланыстарды нығайту.

    Аталған сайыста бақ сынаған Қонаев қалалық №2 орта мектептің бірнеше шәкірті жүлделі оралды. «Abai Readings» байқауында Медина Пірмұхамед, Нұрислам Мұханбет, Гаухар Төлеужанқызы көркем оқу шеберлігімен, сахналық мәдениеті­мен және шығармашылық қабілетімен ерекшеленіп, бірінші орынды жеңіп алды. Ал «Қазақстан – Түркия: шекарасыз ғылым» сайысы жас зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамытуға, білім алмасуға және халықаралық деңгейде тәжірибе жинақтауға арналды. Бұл бағыт бойынша Назерке Бақытқызы мен Гаухар Төлеужанқызы өздерінің білімі мен логикалық ойлау қабілеттерін паш етіп, 1-орынды иеленді. Барлық жүлдегер­лер түрлі дәрежедегі дипломдармен марапатталды.
    Мектеп ұжымы мен өзін-өзі басқару ұйымы Түркиядан жүлделі оралған оқушылар мен жетекші педагогтерді білім ордасының ауласында салтанатты түрде қарсы алды. Жиында сөз алған мектеп директоры Руфина Шайгөзова халықаралық байқау жүлдегерлерінің қала мен облыстың абыройын асқақтатқанын атап өтіп, шәкірттердің ата-аналарына Алғыс хат табыстады.
    Бұл жетістік – №2 орта мектеп әкім­шілігінің қолдауының және оқушының табандылығы мен ізденімпаздығының нәтижесі. Сонымен қатар оларды осы сайысқа үкілеп қосқан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әлия Әмірееваның және бастауыш сынып мұғалімі Таугүл Сәдуақасованың кәсіби шеберлігінің, жүйелі еңбегінің нәтижесі.
    – Қызым Мединаның Түркия елінде өткен Абай оқуларында жеңімпаз атанып, ғылыми жоба сайысында жүлделі орын алуына сынып жетекшісі Таугүл Саманбекқызының өлшеусіз үлес қосқанын атап өткен жөн. Ол – мұғалім ғана емес, әр баланың болашағына бейжай қарамайтын, олардың қабілетін ашып, сенім сыйлап, үлкен өмірге бағыт беретін ерекше жан. Әрбір шәкіртінің болашағына сеніммен жол сілтеп, биікке самғауына себепкер болып келе жатқан оған ата-ана ретінде шексіз алғысымды білдіремін, – деді Медина Пірмұхамедтің анасы Ақтолқын Құдайбергенқызы.
    Ел болашағы осындай білімге құштар, бәсекеге қабілетті жастардың қолында. Сондықтан біз де талантты оқушылардың биік асуларды бағындыра берулеріне тілектестік білдіреміз.

    Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Дала төсі дүбірлі
    03.04.2026
    Шаһарды аралады
    03.04.2026
    Белсенділер марапатталды
    03.04.2026
    Бір отбасы үйлі болды
    03.04.2026
    Ауыл арасын жалғаған
    03.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>