⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Сәуір 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды

    07.04.2026
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік қызмет
    Мемлекеттік басқару академиясына құжат қабылдау басталды
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    2026 жылғы 1 сәуірден бастап Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы 2026–2027 оқу жылына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша құжат қабылдауды бастады. Бұл жайында Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиал директоры Қазыбек Дауталиев айтты.

    Үміткерлер 1 сәуір мен 1 маусым аралығында тіркеліп, құжаттарын тапсыра алады. Биыл құжат қабылдау мерзімі екі аймен шектелген. Өтініштер admission.apa.kz ақпараттық жүйесі арқылы онлайн форматта қабылданады.

    «Мемлекеттік білім беру тапсырысы аясында магистратураға 200, ал докторантураға 12 адам қабылданады. Айта кету керек, бұған дейін магистратураға 120 грант бөлінсе, биыл олардың саны 80 орынға артты»,-дейді Қазыбек Дауталиев.

    Айта кету керек, жаңа оқу жылында құжаттар бұрынғы 12 емес, 15 білім беру бағдарламасы бойынша қабылданады.

    «Биыл академияда бірнеше жаңа білім беру бағдарламалары іске қосылды. Олардың қатарында «ML-Құқық», «EMBA – Іскерлік әкімшілендіру» және «DDPA – Цифрлық мемлекеттік басқару» бар. Сонымен бірге бірқатар бағдарламаларға өзгерістер енгізілді. Мысалы, «Мемлекеттік саясат», «Халықаралық қатынастар» және «Экономика» бағдарламалары ғылыми-педагогикалық бағытқа ауыстырылып, оқу мерзімі 1,5 жылдан 2 жылға дейін ұзартылды. Ал «Өңірлік даму» және «Адами ресурстарды басқару» бағдарламаларының оқу мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұлғайтылды. «Адами ресурстарды басқару» бағдарламасы «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» атауына өзгертілді,-деп сабақтады өз сөзін спикер..

    Құжаттарды электрондық форматта тапсыру қажет. Олардың ішінде мемлекеттік органның жолдамасы, жеке куәлік көшірмесі, жоғары білім туралы диплом мен қосымшасы, мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын сертификат (кемінде В1), еңбек өтілін дәлелдейтін құжаттар және электрондық-цифрлық қолтаңбамен расталған өтініш бар. Докторантураға және «Мемлекеттік саясат», «Халықаралық қатынастар» бағдарламаларына түсушілер үшін ағылшын тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат міндетті. Докторантура үміткерлері қосымша зерттеу жұмысының жоспарын ұсынуы тиіс.

    Қазыбек Дауталиевтің айтуынша, оқуға қабылдау бірнеше кезеңнен тұрады. Алдымен үміткерлер аналитикалық эссе жазады. Бұл кезеңде олардың кәсіби ойлау деңгейі мен белгілі бір мәселені талдай алу қабілеті бағаланады. Келесі кезең – сұхбат, онда кандидаттардың кәсіби және жеке құзыреттері, мотивациясы, сондай-ақ мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты білім деңгейі анықталады. Сұхбат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өткізіледі және бейнежазбаға жазылады. Докторантураға түсушілер үшін қосымша кезең ретінде зерттеу жоспарының жобасы бағаланады.

    Қабылдау процесінің негізгі мерзімдері де бекітілген. Құжат қабылдау 1 сәуірден 1 маусымға дейін жүргізіледі. Конкурстық іріктеу 5–19 маусым аралығында өтеді. Аналитикалық эссе 5–7 маусым күндері жазылады, ал сұхбаттар 5–19 маусым аралығында ұйымдастырылады. Алдын ала қабылдау нәтижелері 25 маусымда жарияланып, қорытынды қабылдау 10 шілдеде аяқталады. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталады.

    Мемлекеттік гранттардан бөлек, үміткерлер басқа қаржы көздері есебінен де оқуға түсе алады. Бұл жағдайда талапкерлердің жинаған балдары, конкурстық комиссияның шешімі және сараптамалық бағалаулар ескеріледі.

    Соңғы жаңалықтар

    2026 жылдың І тоқсанының қорытындысы: Ақпараттық шабуылдар жаңа технологиялық деңгейге шықты. Басты нысанада – ІІМ мен ЕХӘҚМ. Анонимді арналар арқылы ұйымдастырылған шабуылдар жиіледі
    09.04.2026
    Шеңгелді ауылдық округі әкімінің орынбасары таныстырылды
    09.04.2026
    Шеңгелдідегі ауыз су жүйесі жаңғыртылады
    09.04.2026
    Хабарландыру: Таразда халықаралық қолөнершілер фестивалі өтеді
    09.04.2026
    Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжіліс Парламентінің вице-спикері Дания Еспаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев білдірді
    09.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>