⛅
16°C
Қонаев
Бейсенбі, Сәуір 9, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжіліс Парламентінің вице-спикері Дания Еспаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев білдірді

    09.04.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжіліс Парламентінің вице-спикері Дания Еспаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев білдірді
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжіліс Парламентінің вице-спикері Дания Еспаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев білдірді.

    Роман Скляр: Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы тұрақтылық танытып, әрі қарай өсу әлеуетін көрсетуде.

    Өткен жылдың қорытындысы бойынша елдің ішкі жалпы өнімі 6,5%-ға өскен, бұл әлемдік орташа көрсеткіштен айтарлықтай жоғары.

    Тікелей шетелдік инвестициялар 14,4%-ға өсіп, 20,5 млрд долларға жетті, ал негізгі капиталға салынған инвестициялар 13%-ға ұлғайып, тарихи рекорд — 22,7 трлн теңгеге жетті.

    БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы мәліметтері бойынша, өткен жылы Қазақстан Greenfield жобаларына 19 млрд долларға жуық шетелдік инвестиция тартты, бұл Орталық Азиядағы барлық ішкі аймақтық инвестициялардың шамамен 89%-ын құрайды.

    Тек өткен жылы 10 млрд доллардан астам жалпы құны бар 330 жоба іске қосылды, соның ішінде KIA Qazaqstan және Astana Motors автокөлік зауыттары, EkibastuzFerroAlloys ферросилиций өндірісі, Алтай-Май майлы дақылдар өндірісі және басқалары бар.

    Үкімет 2030 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасын жаңартты және проактивті инвестициялық саясатты енгізуде, онда бөлек рөл «Бәйтерек» холдингіне берілген. Ол ұлттық инвестициялық холдингке айналды және Инвестициялық қызмет (Investment Board) құрылды.

    Айрықша назар инвестиорлардың құқықтарын барлық жұмыс кезеңдерінде қорғауды күшейтуге аударылады, бұл мемлекетке деген сенімнің негізі болып табылады.

    Инвестор құқықтарын қорғау архитектурасы нығайтылуда. 60 млн доллардан асатын жобалар үшін инвестициялық келісім құралы қолданылады, ол заңнама тұрақтылығын 25 жылға қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда мұндай 53 келісім жасалған.

    Дания Еспаева: Инвесторларды қорғауда прокуратура органдарының үлкен рөлін атап өтті, алдын алу шараларын қабылдау қажеттігіне назар аударды.

    Қанат Шарлапаев: Елдің инвестициялық климаты бірнеше негізгі факторға тікелей байланысты.

    Бизнесті ұзақ мерзімді жоспарлау үшін «ойын ережелері» болжамды және тұрақты болуы аса маңызды.

    Заңнамалық базаның тұрақтылығын арттыру бойынша бірлескен жұмыс инвестициялардың ағымына мықты серпін береді деп сенеміз.

    Сот органдарының тәуелсіздігін әрі қарай нығайту, судьялардың біліктілігін арттыру және сот практикасының бірізділігін қамтамасыз ету инвесторлардың құқықтарын соттық қорғауға деген сенімін едәуір арттырады.

    Қанат Шарлапаев Бас прокуратураның тиімді жұмысын атап өтті: «Сіздердің тұрақты бақылауларыңыздың арқасында 2025 жылы кәсіпкерлерге қатысты тіркелген қылмыстық істер саны 2024 жылмен салыстырғанда шамамен 48%-ға қысқарды. Бұл маңызды және нақты нәтиже, біз шын жүректен алғыс айтамыз».

    Соңғы жаңалықтар

    Құттықтау сөзін Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Роман Скляр, Мәжіліс Парламентінің вице-спикері Дания Еспаева, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекен» Президиумының төрағасы Қанат Шарлапаев білдірді
    09.04.2026
    Бас Прокурор Берік Асыловтың форум ашылуында айтқан сөзі
    09.04.2026
    Бас прокуратурада Берік Асыловтың төрағалығымен отандық және шетелдік инвесторлар өкілдерінің қатысуымен инвестицияларды қорғау жөніндегі форум басталды
    09.04.2026
    Төрт тілде сөйлейтін шекарашы
    09.04.2026
    Қазақстан мен өңірдегі 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері Stanford University HAI профессорлары мен OpenAI Academy сарапшыларынан ЖИ бойынша білім алады
    09.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>