⚠️ Ауа райы табылмады.
Жұма, Сәуір 17, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Шаңырақ шаттығы

    17.04.2026
    in Барлық жаңалықтар
    Шаңырақ шаттығы
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Талғар ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 25 азамат баспана бақы­тына кенелді. Пәтер кілт­тері әлеуметтік осал топ санатына жататын жан­дарға табысталды. Сал­танатты шараға облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев қатысып, тұрғындарды қоныстоймен құттықтады.

    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықты баспанамен қамту мәселесін әрдайым негізгі міндеттердің бірі ретінде атап көрсетеді. Осы бағытта өткен жылы 27,5 млрд теңгеге 1700 үй сатып алынды. Оның 1500-і әлеуметтік осал топтағы азаматтарға, 200-і жалпы кезекте тұрғандарға берілді. Сондай-ақ биыл 42 млрд теңгеге 2361 пәтер сатып алуға ұсыныс жасалып, қаражат бөлінді. Бұл үйлер биыл ел игілігіне беріледі. Одан бөлек жергілікті бюджет есебінен 80,6 мың шаршы метрді құрайтын 1018 пәтерлі 20 тұрғын үйдің құрылысы жү­­ріп жатыр. Бұл азаматтарға жеңілдетілген несиеге беріледі. Мұның барлығы – нақты атқарылған істің нәтижесі. Әрбір азаматтың өмір сүру сапасын жақсарту мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жұмыстары алдағы уақытта жалғасын табады», – деді Марат Елеусізұлы.
    Баспана иесі атанғандардың бірі – көпбалалы ана Мая Оспанова. «Бүгін біздің отбасымыз үшін бақытты күн. Он бір жыл бойы кезекте тұрып, өз үйіміздің кілтін алып отырмыз. Балаларымның кең әрі жайлы үйде өсетініне өте қуаныштымын. Осындай көмек көрсеткен әкімдікке алғысым шексіз. Игі істер жалғасын таба берсін деп тілеймін», – деді тұрғын.
    Бүгінде облыс бойынша тұрғын үй кезегіне 70 мыңға жуық адам тіркелген. Ал Талғар ауданында 14 мыңнан астам тұрғын баспана кезегінде тұр. Оның 7000-нан астамы – әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтар. Соңғы екі жылда осы ауданда 459 пәтер сатып алынды. Баспаналар кезең-кезеңімен көпбалалы отбасыларға, балалар үйі түлектері мен ерекше қамқорлықты қажет ететін жандарға үлестірілуде.
    Талғардағы игі шаралар мұнымен шектеліп қалған жоқ. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев Талғар ауданындағы «Ақжол-М» оңалту орталығына арнайы барып, ерекше балалардың тұсауын кесті. Олар өмірге деген құштарлығы мен табандылығының арқасында, тиімді ем шараларының нәтижесінде алғашқы қадамдарын жасап, өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басты.
    Шараға мемлекет және қоғам қай­раткері Болат Жәмішев, «Қазақстан халқына» қорының төрағасы Ләззат Шыңғысбаева және өзге де қоғамдық қор өкілдері қатысып, бүлдіршіндердің қадамының нық болуын тіледі. Сондай-ақ тілашар дәстүрінің куәсі болып, балалардың өнерін тамашалады.
    Аймақ басшысы өз сөзінде бұл кездесудің жөні де, мәні де бөлек екенін атап өтті.
    – Бүгінгі тілашар – ұзақ уақыт бойғы қажырлы еңбектің жемісі. Бабалардың шешендік қасиеті балаларымыздың бойына дарып, келешекте елінің мақтанышына айналатын қадірлі азамат болуын тілеймін. Тұсаукесер рәсімі – бала қадамының оң, жолының ашық болуын тілеп, ниет ететін маңызды жоралғы.
    Орталық жәрдем сұрап келген әр баланың өміріне сенім ұялатып, үміт отын жағуда. Алдағы жоспарларында қызмет сапасын бұдан да жоғары деңгейге көтеру міндеттері тұр. Біз өз тарапымыздан осы бағыттағы кез келген игі бастаманы қолдауға дайынбыз, – деген Марат Елеусізұлы орталық мамандарына ризашылығын білдіріп, тәрбиеленушілерге ізгі тілегін арнады.
    Мамандардың айтуынша, мұндай шаралар орталықта дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Қазіргі таңда 275 балаға көмек көрсетілуде. 2014 жылдан бері мұнда 1000-нан астам бала тегін ем қабылдаған. Өмір жолында кездескен қиын жағдайға мойымай, күресе білген жандар мен оларға мейірім шуағын төгіп, қолдау білдірген қызметкерлер жиналған қауымның көңіліне ізгілік нұрын құйғандай болды.

    Гүлзат БАЙҚОНЫС

    Талғар ауданы

    Соңғы жаңалықтар

    Қасым-Жомарт Тоқаев Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарауға шақырды
    17.04.2026
    Басым бағыттар сараланды
    17.04.2026
    Шаңырақ шаттығы
    17.04.2026
    Біз Сашаға ораламыз
    17.04.2026
    Ұлы дала мұрасы
    17.04.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>