⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ

    14.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Жуырда ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні орта білім беру жүйесіне енгізу шаралары туралы Жарлыққа қол қойды. Мақсаты – жасанды интеллект жедел дамып келе жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының өркендеуін қамтамасыз етіп, адами капиталды ілгерілетуге үлес қосатын заманауи, инновациялық білім беру жүйесін қалыптастыруға жағдай жасау. Мемлекет басшысының бұл игі бастамасы – білім беру саласын цифрландыру мен жаңғырту бағытында жасалған маңызды қадам.
    Елімізде білім саласын жаңа деңгейге көтеруге бағытталған стратегиялық бастама ретінде бағаланып отырған құжатқа байланысты қолға алынатын шаралар уақыт талабына сай оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыруға, мұғалімдердің жұмысын жеңілдетуге септігін тигізетіні анық. Цифрлық құралдар сабақтың сапасын арттырып қана қоймай, оқушының қызығушылығын оятып, білімді тәжірибемен ұштастыруға, ғылыми ұғымдарды тереңірек меңгеруге және зерттеушілік қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.
    Бүгінде еліміздегі білім беру мекемелері жасанды интеллект технологияларын енгізу жұмысы кезең-кезеңмен жүргізілуде. Бұл үрдістен облыс орталығындағы Д. Қонаев атындағы қазақ орта мектебі де шет қалмай, жүйелі жұмыстарды қолға алуда. Соның бірі – «EduAI» педагогикалық жобасы. Жоба аясында мұғалімдерге жасанды интеллект құралдарын пайдалану бойынша тренингтер, практикалық семинарлар, ашық сабақтар өткізіледі. Сонымен бірге дарынды оқушылардың қабілетін тереңдету мақсатындағы «STEAM-сағат» мектепішілік шарасы кем дегенде айына бір мәрте ұйымдастырылады. Қуат Байтұрсынов, Малика Ережеп, Диана Құттыбек, Әлия Оман, Гүлмайра Сағынаева, Балнұр Исахова, Салтанат Бегімбетова сынды мектеп мұғалімдерінің жаңашыл идеялары өзге әріптестеріне үлгі болуда. Бұл мұғалімдер жақында қалалық білім бөлімі ұйымдастырған «Smart Teacher Qonaev» жобасы аясында «STEAM білім беру және жасанды интеллект» атты ашық алаңда заманауи цифрлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, сабақ өткізіп, тәжірибелерін бөлісті. Қаланың әр мектебінен келген әріптестері олардың сабағын жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдірді.
    Бүгінде білім беру саласын жетілдіруде цифрлық платформалар ерекше рөл атқарады. Білім – ұлт болашағының берік іргетасы болса, STEАM мен жасанды интеллект – сол іргетасты нығайтатын заманауи құрал. Осы орайда білім мен ғылым дәуірінде өскелең ұрпақты уақыт талабына сай тәрбиелеу үшін ең алдымен мұғалімнің өзі заманауи технологияларды тиімді қолдана алуы қажет. Сондықтан мектеп мұғалімдері сабақ барысында оқу үдерісін жандандыратын құралдарды тиімді қолдануға тырысуда. Тапсырмаларды жасанды интеллектінің көмегімен түрлі әдістерді қолдану арқылы құрастырады. Мәселен, вайбкодинг тәсілі арқылы интернетпен де, интернетсіз де жұмыс істейтін оқу ойындарын дайындап, Zapworks платформасын пайдаланып, жұптық жұмыс ұйымдастырады. Заманауи платформаларды сабақта қолдану, оқушылардың белсенділігі күшейтіп, сабаққа қызығушылығын арттыруда. Сонымен қатар цифрлық платформалар оқушының білім деңгейін саралап, әлсіз тұстарын анықтауға көмектеседі. Бір сөзбен айтқанда, мұғалімдер үшін жасанды интеллекттің пайдасы зор.
    Президент тапсырмасын орындау бағытында алдағы уақытта жасанды интеллект мүмкіндіктерін оқу-тәрбие үдерісінде тиімді пайдалану арқылы оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге күш саламыз.
    Салтанат ДОСАНБАЕВА,
    Д. Қонаев атындағы №1 қазақ орта
    мектеп директорының
    әдістеме ісі жөніндегі орынбасары
    Қонаев қаласы

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық пен тағылым тоғысты
    14.05.2026
    «Таза Қазақстан»: ұзынағаштықтар үлес қосты
    14.05.2026
    БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
    14.05.2026
    Жасанды интеллектіні енгізу білім сапасын жаңа деңгейге көтереді
    14.05.2026
    Аймақ жұртын біріктірген ауқымды бастама
    14.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>