⚠️ Ауа райы табылмады.
Бейсенбі, Мамыр 14, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Тұрғын үймен қамту жайы талқыланды

    14.05.2026
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар
    Тұрғын үймен қамту жайы талқыланды
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысы әкімінің орынбасары Әсет Масабаевтың төрағалығымен Қонаев қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыру және халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үй сатып алу мәселелері бойынша жиын өтті. Кеңеске Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов, облыстық басқарма басшылары, «Отбасы банк» АҚ, «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері, мердігер ұйымдардың басшылары, сондай-ақ қала және аудан әкімдері онлайн форматта қатысты.
    Қазіргі таңда облыс орталығында әлеуметтік маңызы бар 6 нысанның құрылысы жүргізілуде. Олар – департаменттер үйі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің, облыстық соттың, полиция департаментінің, ведомстволық бағынысты органдардың және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғимараттары. Жиын барысында аталған нысандардағы құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалу барысы, жобалардың іске асырылу деңгейі, туындаған мәселелер мен оларды шешу жолдары қаралды.
    Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жасұлан Оңалбаевтың айтуынша, Қонаев қаласын дамытудың кешенді жоспарын іске асыру мақсатында 187 іс-шара жоспарланса, оның 161 жобасы ғимараттар салуға және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет резервінен 30 млрд теңге бөлінбек. Оның ішінде, 22,01 млрд теңге әкімшілік ғимараттарды салуға, ал 7,99 млрд теңге әкімшілік ғимараттарды сатып алуға жұмсалады. Қазіргі таңда арнайы техника мен жұмысшылар жұмылдырылып, қазаншұңқырларды қазу және құрылыс алаңдарын дайындау жұмыстары басталды.
    Әсет Масабаев барлық жоба сапалы әрі уақытында іске асырылуы керегін айтып, құрылыс жұмыстары тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.
    Жиын барысында халықтың әлеуметтік осал топтарын тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты қаралды. Биыл облыста 1075,0 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Қаңтар-сәуір айларының қорытындысы бойынша оның 400,8 мың шаршы метрі халық игілігіне беріліп, жоспар 120,5%-ға орындалған.
    «Өңірде халықты баспанамен қамтамасыз бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, былтыр 1700 пәтер сатып алынды. Оның 1499-ы жалдамалы пәтер болса, 201-і несиеге берілді. «Отбасы банк» АҚ-мен 1467 пәтер бойынша келісімге қол қойылды. Ал биыл 246 жалдамалы тұрғын үйді сатып алуға 5,3 млрд теңге қарастырылған. Сондай-ақ 2000 жалдамалы және 115 несиеге берілетін тұрғын үйлерді сатып алуға қаражат бөлу мәселесі министрлік тарапынан қолдау тапты. Сондай-ақ Қонаев қаласына 420 пәтерлі жеті тұрғын үйдің құрылысын бастауға 3,0 млрд теңге және осы үйлерге арналған инженерлік желілер құрылысына 0,5 млрд теңге қаражат бөлу мәселесі де мақұлданды. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттары дайын», – деді Жасұлан Шерәліұлы.
    Облыс әкімінің орынбасары тұрғын үйлердің сапасы, инфрақұрылымы және өмір сүруге қолайлы болуы басты назарда екенін айтты.

    Гүлзат Байқоныс

     

    1 of 3
    - +

    1.

    2.

    3.

    Соңғы жаңалықтар

    Тазалық пен тағылым тоғысты
    14.05.2026
    «Таза Қазақстан»: ұзынағаштықтар үлес қосты
    14.05.2026
    БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІ
    14.05.2026
    Жасанды интеллектіні енгізу білім сапасын жаңа деңгейге көтереді
    14.05.2026
    Аймақ жұртын біріктірген ауқымды бастама
    14.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>