🌧️
15°C
Қонаев
Жұма, Мамыр 22, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    No Result
    View All Result
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында жас түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады

    22.05.2026
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым
    Алматы облысында жас түлек ҰБТ-дан 140 балл жинады
    0
    SHARES
    0
    VIEWS

    Алматы облысында биыл 18 693 оқушы 11-сыныпты тәмамдайды. Оның ішінде 1 844 түлек «Алтын белгіге», ал 1 680 оқушы үздік аттестатқа үміткер. Өңірдің білім көрсеткішіндегі басты жаңалықтардың бірі – Ұлттық бірыңғай тестілеуден 140 балл жинаған түлектің тіркелуі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Қайрат Жұманов мәлімдеді.
    Бүгінде облыста 497 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді. Оның 50-і – жекеменшік білім беру ұйымдары. Жалпы өңірдегі оқушы саны 360 мыңнан асады. Жыл сайын орта білімді тек он бірінші сынып оқушылары ғана емес, 9-сынып түлектері де тәмамдайды. Ресми деректерге сүйенсек, аймақта 33 268 оқушы 9- сыныпты аяқтайды. Оның ішінде 4 130 оқушы үздік аттестаттан үміткер.
    «Мемлекеттік қорытынды аттестаттау 9-сынып оқушылары үшін 29 мамыр мен 11 маусым аралығында, ал 11-сынып түлектері үшін 2–15 маусым күндері өтеді. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін 16 155 түлек тіркелген. Тестілеу 10 мамыр мен 10 шілде аралығында ұйымдастырылады» – дейді басқарма басшысы Қайрат Жұманов.
    Жоғарыда атап өткендей, Алматы облысында ҰБТ-дан 140 ұпай жинаған нәтиже тіркелді. 11 жылдық еңбегінің нәтижесін жоғары көрсеткішпен дәлелдеген жас түлектің есімі – Али Лоян. Ол Еңбекшіқазақ ауданындағы «М.Горький атындағы орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің түлегі. Али Лоян бүгінде «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткер. Білімі мен табандылығының арқасында облыс бойынша ең жоғары нәтиже көрсетіп, өңір мерейін үстем етті.
    Баспасөз мәслихатында мектеп бітіру іс-шараларын өткізуге қатысты шектеулер де айтылды. Облыстық білім басқармасы ата-аналар мен мектеп әкімшіліктеріне заң талаптарынан тыс шараларды ұйымдастыруға жол берілмейтінін ескертті.
    Атап айтқанда, бітіру кештерін мейрамханаларда, коттедждерде, демалыс орындарында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынған. Сонымен қатар көліктермен шеру ұйымдастыруға, таңды қарсы алу шараларын өткізуге және қауіпсіздікке қатер төндіретін бейресми жиындарға жол берілмейді.
    Сондай-ақ ата-аналардан ақша жинауға қатаң тыйым салынды. Бұл талап бітіру кешін өткізуге, сыйлық алуға, безендіруге, техника немесе ғимарат жалдауға қатысты барлық шығындарды қамтиды.
    Жазғы демалыс кезінде балалардың қауіпсіздігі де ерекше бақылауда болады.
    «Биыл маусым айынан бастап Алматы облысында 33 жазғы сауықтыру лагері жұмысын бастайды. Оларға әлеуметтік санаттағы 2 775 баланы қамту жоспарланған. Бұдан бөлек, 447 мектеп пен 30 қосымша білім беру ұйымы жанынан тегін жазғы алаңдар ашылады. Мұнда балалар спорттық, шығармашылық және танымдық шараларға қатыса алады» – деді Алматы облысы білім бақсармасы басшсының орынбасары Ақмарал Атенбекова.
    Баспасөз мәслихатында Алматы облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Еркебұлан Ахметов те сөз алды.
    Ол өз сөзінде мектеп бітіру кештері кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін айтты.
    – Бір сәттік эмоция орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар балалардың қайда және кіммен жүргеніне бейжай қарамауы керек, – деді полиция подполковнигі Еркебұлан Ахметов.
    Тәртіп сақшылары автокортеж ұйымдастыру, көлік терезесінен шығу, жолда жарысу секілді әрекеттердің адам өміріне қауіп төндіретінін ескертті. Құқық қорғау органдары оқу жылының соңында күшейтілген режимде жұмыс істейді. Жол қозғалысы ережесін бұзғандар тек патрульдік полиция арқылы ғана емес, бейнекамералар мен арнайы дрондардың көмегімен де анықталмақ.

    Соңғы жаңалықтар

    Қой қоздап, қорада шу
    22.05.2026
    Қарадалада қарқын алған жобалар
    22.05.2026
    Тексеріс нәтижесі қандай?
    22.05.2026
    Жас патриоттар жарысы
    22.05.2026
    ҰҚК Шекара академиясы полигонына – 75 жыл!
    22.05.2026
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>