Перейти к содержимому
Главная страница » Заң мен тәртіп: түнгі тыныштықты бұзу фактілерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Заң мен тәртіп: түнгі тыныштықты бұзу фактілерінің алдын алу жұмыстары жүргізілуде

Іле ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қараусыздық пен панасыздықтың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

Кезекті рейд Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Жәпек батыр, М.Түймебаев, Көкқайнар және Төле би ауылдарында өтті.

Рейдтерге аудандық прокуратура, полиция қызметкерлері, аудан әкімдігі аппаратының мамандары, білім бөлімі және қоғамдық белсенділер қатысты.

Іс-шара барысында қоғамдық орындар, ойын-сауық мекемелері және адамдар көп жиналатын аумақтар тексеріліп, ата-анасының немесе заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта жүрген жасөспірімдер анықталды. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай рейдтердің басты мақсаты – жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдағы заң мен тәртіп қағидаттарын нығайту.

Заңды сақтау – әр азаматтың міндеті, ал балалардың қауіпсіздігі – қоғамның ортақ жауапкершілігі.