«Заң және тәртіп» қағидаты аясында Алатау қалалық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында түнгі рейдтік іс-шара өткізілді.
Рейд барысында жастар қоғамдық орындарды аралап, тұрғындармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде жүруінің алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шараның мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын құрметтеуді насихаттау және қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыру.
Алатау қалалық Жастар ресурстық орталығы алдағы уақытта да жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыратын болады.
