Талғар ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Айбек Дүйсембекұлының төрағалығымен кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі кезекті комиссия отырысы өтті.
Отырыста аудан әкімдігі мен полиция басқармасына келіп түскен 4 іс қаралды. Комиссия қорытындысы бойынша, аудан әкімінің орынбасары комиссия мүшелеріне нақты тапсырмалар беріп, кәмелетке толмағандардың ісі бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды. Бүгінде өңірде балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары тұрақты бақылауда.
