Ішімдікке шамадан тыс әуестік – қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Алкоголь адамның денсаулығына зиян келтіріп қана қоймай, отбасылық жанжалдардың, құқық бұзушылықтардың және жол-көлік оқиғаларының көбеюіне әсер етеді. Сондықтан ішімдікке тәуелділіктің алдын алу – әр азаматтың жауапкершілігі.
Бүгінде құқық қорғау органдары қоғамдық тәртіпті сақтау және мас күйінде жасалатын құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Бұл ретте тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мен салауатты өмір салтын насихаттаудың маңызы зор.
Алматы облысында да «Заң және тәртіп» қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде. Өңірде профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылып, жастар арасында зиянды әдеттердің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Қоғамдағы тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау үшін әр адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын таңдауы қажет. Тәртіпке бағынған қоғамда ғана тұрақтылық пен береке болады.
Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ
