Перейти к содержимому
Главная страница » Іскер әйелдер қоғам дамуына жол ашады

Іскер әйелдер қоғам дамуына жол ашады

Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы Нұрғиса Тілендиев атындағы аудандық Мәдениет үйінде «Әйел&Бизнес: Жаңа дәуір» атты облыстық әйелдер форумы өтті. Өңірдегі іскер әйелдердің басын қосқан маңызды жиында коғамдағы әйелдердің рөлі, кәсіпкерлік әлеуеті және көшбасшылық мүмкіндіктері кеңінен талқыланды.

Мәдениет үйінің фойесінде әр өңірден келген кәсіпкер әйелдер өздерінің өнімдері мен қолөнер бұйымдарын көпшілік назарына ұсынып, «Әйел. Шабыт. Кәсіп» көрмесін ұйымдастырды. Ондағы жұмыстар нәзік жандардың тек кәсіп иесі ғана емес, жаңашыл идеялардың авторы екенін айқын көрсетті.

Залға жиналғандар қатарында тек бизнес өкілдері ғана емес, мемлекеттік қызметкерлер, мәслихат депутаттары, қоғамдық ұйым жетекшілері мен жастар болды. Салтанатты шараның шымылдығын ашқан облыс әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген кәсіпкер әйелдерге ризашылығын білдірді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің қоғам өміріндегі рөлі ерекше екенін әрдайым атап келеді. Бүгінгі форум – жетістіктерді таразылайтын ғана емес, жаңа дәуірдегі әйелдер кәсіпкерлігінің болашағын айқындайтын маңызды алаң. Қазіргі заманда әйел тек отбасының ұйытқысы ғана емес, ел экономикасының, шағын және орта бизнестің қозғаушы күшіне айналды, – деді ол.

Шынында да, өңірдің даму көрсеткіштері бұл сөздің нақты дәлелі іспетті. Қанат Болатұлының айтуынша, бүгінде өңіріміздегі басқару саласындағы әйелдердің үлесі 27 пайызды құраса, мемлекеттік қызметтегі қыз-келіншектердің үлесі 48 пайызға жеткен. Бұл әйелдердің қоғамдық өмірдегі белсенділігінің жоғары екенін көрсетеді. Сонымен қатар облыста әйелдерді қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар да жүйелі жүзеге асырылып келеді. Жыл басынан бері жұмысқа орналасқан 12 мыңнан астам адамның 7 мыңнан астамы әйелдер болса, «Бастау Бизнес» жобасына 703 әйел қатысқан. Кәсіптік оқыту, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары және онлайн білім беру платформалары аркылы мыңдаған әйел жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда.

  • Бүгінгі заман технологиялар мен инновацияларға негізделген. Сондықтан әйелдердің цифрлық сауаттылығын арттыру, стартап жобаларды дамыту, жастар мен ауыл әйелдерінің кәсіпкерлігін қолдау – біздің басты міндеттеріміздің бірі болып қала береді, — деген облыс әкімінің бірінші орынбасары артынша өңірдің өркендеуіне үлес қосқан бірқатар кыз-келіншекті облыс әкімі Марат Сүлтанғазиевтің Алғыс хатымен марапаттады.

Форумның мәртебесін арттырған спикерлердің бірі – Түркі мемлекеттері кәсіпкер әйелдер кеңесінің төрайымы әрі «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ләззат Рамазанова болды. Ол өз сөзінде қазіргі күрделі кезеңде әйелдердің бірлігі мен өзара қолдауының маңыздылығына тоқталды.

  • Әйел қай салада жүрсе де табандылық пен жауапкершілікті бірінші орынға қояды. Әлемдегі өзгерістердің қарқыны артып жатқан кезеңде кәсіп жүргізу оңай емес. Сондықтан бір-бірімізге тірек болып, тәжірибе бөлісіп, бірге дамуға ұмтылуымыз қажет. Бүгінгі форумның басты мақсаты да осы, – деді ол.

Шынында да, кәсіпкерлік жолындағы әйелдердің жетістігі тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Олар қоғамдағы тұрақтылықтың, әлеуметтік жауапкершіліктің және кайырымдылықтың да маңызды козғаушы күшіне айналып отыр.

Пленарлық отырыста сөз алған Қазақстан азаматтык альянсының президенті Бану Нұрғазиева азаматтык коғам мен әйелдердің қоғамдық белсенділігі туралы ой қозғады. Ал Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Елена Ли гендерлік саясаттың қазіргі бағыттарына тоқталды. «Qоnаеv mеdіа» телеарнасы директорының орынбасары Жанна Арынбекова медиа саласындағы әйелдердің көшбасшылығы туралы пікір білдірсе, стратегиялық жобалар сарапшысы Оксана Васильева өзгермелі замандағы жаңа мүмкіндіктер жайында әңгімеледі. Алматы облыстық мәслихатының депутаты, «АМАNАТ» партиясы жанындағы әйелдер қанатының төрайымы Меруерт Молдашева әйелдердің қоғамдық-саяси өмірдегі белсенділігі артып келе жатқанын тсөз етті.

Форумның келесі бөлімінде заман талабына сай тақырыптар козғалды. Алматы облыстық білім беру саласындағы ғылыми-тәжірибелік ақпараттық технологиялар орталығының 8ТЕМ сарапшысы Бауыржан Тыналиев жасанды интеллектінің кәсіпкерлікке беретін мүмкіндіктері жөнінде мазмұнды баяндама жасады. Бүгінде бизнес әлемі цифрлық трансформация кезеңін бастан өткеруде. Осы ретте жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану кәсіпкерліктің жаңа көкжиегін ашатыны айтылды. Ал «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Алматы облыстық филиалының директоры Бақытжан Искаков мемлекеттік қолдау бағдарламалары туралы кеңінен ақпарат берді.

Аталған шарадағы ең әсерлі тұстардың бірі – «Табысты әйелдер бизнес-кейстері және шабыт беретін оқиғалар» алаңы болды. «А1аsһ» заманауи қазақ мектебінің негізін қалаушы Айман Қайраткызы білім беру саласындағы тәжірибесімен бөліссе, «Маlіпа Desserts» брендінің негізін қалаушы Малина Қасымбекова кәсіп ашудағы алғашкы қадамдар мен қиындықтарды еңсеру жолдарын әңгімеледі. Ал «Аdili» брендінің негізін қалаушы Индира Әділ ұлттық бренд қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Олардың әркайсысының өмір жолы залдағы жүздеген әйелге жаңа серпін берді. Өйткені табысқа жеткен әрбір кәсіпкердің артында қажырлы еңбек, үздіксіз ізденіс және өз ісіне деген шексіз сенім жатыр. Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Азамат Әлиев өңірдегі кәсіпкерлік ахуалына тоқталып, бүгінде облыста 161 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі тіркелгенін айтты. Оның ішінде шамамен 70 мың кәсіпорынды әйелдер басқарады. Бұл көрсеткіш әйелдердің кәсіпкерлік ортадағы ықпалының жылдан-жылға артып келе жатқанын дәлелдейді. Бұрын әйелдер кәсіпкерлігі негізінен сауда мен кызмет көрсету саласымен байланыстырылса, бүгінде олар өндіріс, ауыл шаруашылығы, білім беру, медицина, ІТ және әлеуметтік кәсіпкерлік бағыттарында да табысты еңбек етуде. Облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы, кәсіпкер Ләззат Ботабекова да әйелдердің еңбекқорлығы мен жауапкершілігіне тоқталып, олардың кәсіпкерлік саладағы орны ерекше екенін айтты.

Жиын соңында қатысушылар алдағы уақыттағы бірлескен жобаларды талқылап, жаңа серіктестік орнатуға мүмкіндік алды. Ұлттық киімдер дефилесі мен мәдени бағдарлама шараның сәнін келтіріп, форумның мазмұнын байыта түсті. Форум жұмысы бүгінгі қазақ әйелі – отбасының берекесін сақтаушы ғана емес, өндіріс пен бизнестің көшбасшысы, жаңа идеялардың авторы, қоғамның белсенді мүшесі екенін көрсетті. Сондай-ақ жүздеген әйелдің бойындағы сенімді нығайтып, жаңа бастамаларға жол ашты.

Құралбек СӘБИТОВ

Іле ауданы