«Заң мен тәртіп» қағидатын кеңінен насихаттау мақсатында Балқаш ауданы полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі аға инспекторы, полиция майоры Әбдікерімова Махаббат Рысқұлқызы Бақанас ауылындағы спорт кешенінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы бағытындағы заң талаптары мен олардың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Барлық сұрақтарға заң талаптарына сәйкес жан-жақты жауап берілді.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және қоғамда заң үстемдігі мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру.
Алтынай СЕЙІТКЕН Балқаш ауданы


