Перейти к содержимому
Главная страница » Қонаевта республикалық форум өтті

Қонаевта республикалық форум өтті

«Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» республикалық форумы өтті2026 жылғы 26 маусымда Алматы облысы, Қонаев қаласында «Бірлігіміз әралуандықта» жобасы аясында «Этносаралық келісім – тұрақты даму негізі» атты республикалық форум өтті. Форумның мақсаты – этносаралық татулықты нығайту, қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеу және өңіраралық тәжірибе алмасу болды.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің өкілдері, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ғани Айдарұлы Майлыбаев, республикалық және өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемелерінің басшылары, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Форум барысында этносаралық келісімді нығайту, қоғамдық тұрақтылықты сақтау, жастардың ел бірлігін нығайтудағы рөлі, сондай-ақ Жаңа Конституция мен Ұлттық құрылтайдың маңызы жөніндегі өзекті мәселелер талқыланды. Спикерлер баяндамалар жасап, өзара тәжірибе алмасып, қоғамдық келісім саласындағы үздік тәжірибелермен бөлісті.

Форум қорытындысында қатысушылар этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жолындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдіріп, қоғамдық тұрақтылықты сақтау – елдің орнықты дамуының басты кепілі екенін атап өтті.