Перейти к содержимому
Главная страница » Нашақорлық- ғасыр дерті

Нашақорлық- ғасыр дерті

«Заң мен тәртіп» қағидаты денсаулық сақтау жүйесінде де ерекше маңызға ие.
Кеген аудандық ауруханасында «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында «Нашақорлық- ғасыр дерті» атты тақырыбында дәрігерлер бас қосты.
Іс-шараның негізгі мақсаты нашақорлықтың алдын алу, жасөспірімдерді салауатты өмір салтына баулу, есірткі мен нашақорлықты қоғамнан алшақтату.
Іс-шара да Кеген аудандық аурухананың бас мейірбикесі Жадыра Омарова сөз сөйлеп, қоғамда есірткіге деген мүлдем төзбеушілік қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.
Еркін форматта ұйымдастырылған шара барысында дәрігер Гүлмира Мұқанова баяндама жасады.
Қол жеткізілген нәтижелер бұл бағыттағы жұмыстың тиімді екенін дәлелдеп, алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын айқындайды.
Аталған іс-шара салауатты өмір салтын дәріптеуге және құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды профилактикалық бастама болды.

Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы