АҮААЖ тас жолының 43-шақырымында бейнебақылау камералары екі жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғанын тіркеді. Олардың бірі көлігін жүріс бөлігінде қалдырып, екінші жүргізушіге «сәлемдеме» берген. Екінші жүргізуші де көлігін ережеге сай емес жерге қойған.
Екі құқықбұзушы да жедел анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды: бірінші жүргізушіге апатты жағдай туғызып, маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, ал екінші жүргізушіге жол белгілерінің талаптарын және жол қозғалысына қатысушылардың жалпы міндеттерін сақтамағаны үшін 5 АЕК айыппұл салынды.
Полиция фото және бейнетіркеу жүйесі жол қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тиімді құралы екенін еске салады. Автоматты режимде тіркелген барлық құқықбұзушылықтар міндетті түрде қаралып, кінәлі жүргізушілер жауапқа тартылады.
Жол қозғалысы ережелерін сақтау – әр азаматтың міндеті. Жолдағы тәртіп – барша қатысушының қауіпсіздігінің кепілі.
Облыстық полиция департаменті


