Перейти к содержимому
Главная страница » «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы

«Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы

Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – әрбір азамат үшін маңызды міндеттердің бірі. Осы бағытта Ұйғыр ауданында «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.

Ағымдағы жылдың 20 шілде мен 31 шілде аралығында аудан аумағында заңсыз қару-жарақты анықтау, оның заңсыз айналымының жолын кесу және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында кешенді рейдтік жұмыстар жүргізілмек. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері тарапынан аудан азаматтарына тіркелген қарулардың сақталу және пайдалану талаптарының орындалу тексеріліп, тиісті түсіндіру жұмыстары да қатар жүргізілмек.

Мұндай шаралар – қоғамдағы қауіпсіздікті нығайтуға, заңсыз әрекеттердің алдын алуға және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Өйьткені заң талаптарын сақтамау тек жеке бір азаматқа ғана емес, тұтас қоғамға қауіп төндіруі мүмкін. Сол себепті бұл іс-шара аясында тіркелмеген немесе заңсыз сақталған қару-жарақтар тіркелген жағдайда жауапты азамат заң талдабына сәйкес жазаланады.  Заң талаптарын сақтау – қоғамдық қауіпсіздіктің кепілі!