Жақында Бахар ауылдық округінде «Дінисауаттылық – қоғамның тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараныжастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушы мен ауылдық мешіттің имамы бірлесіп ұйымдастырды.
Жиынның басты мақсаты – жастардың дінибілімін арттыру, ұлттық және дәстүрлі руханиқұндылықтарды насихаттау, сондай-ақ діниэкстремизм мен радикалды ағымдардың алдын алуболды. Бүгінгі қоғамда дін мәселесі өте маңыздыорын алады. Сондықтан әр азаматтың, әсіресежастардың діни сауатты болуы – уақыт талабы.
Кездесу барысында қатысушыларға дәстүрлідіннің маңызы кеңінен түсіндірілді. Имам дінніңадам өміріндегі тәрбиелік рөліне тоқталып, оныңадамды сабырлылыққа, адалдыққа жәнежауапкершілікке тәрбиелейтінін атап өтті. Сонымен қатар, интернет желісінде таралыпжатқан күмәнді діни ақпараттардан сақтанужолдары да жан-жақты айтылды. Жастарға жалғандіни ағымдардың белгілерін ажырата білу қажеттігітүсіндірілді.
Дөңгелек үстелде «Заң мен тәртіп» қағидатынада ерекше мән берілді. Қоғамда тұрақтылық пен қауіпсіздікті сақтау үшін әрбір азамат заңталаптарын қатаң ұстануы тиіс. Діни сауаттылық – тек сенім мәселесі ғана емес, ол құқықтықмәдениетпен де тығыз байланысты. Заңдықұрметтеу, тәртіпке бағыну – ел бірлігінің жәнебейбіт өмірдің кепілі. Радикалды көзқарастар мен заңға қайшы әрекеттердің алдын алу да осы қағидаттар арқылы жүзеге асады.
Аталған дөңгелек үстел жастардың руханимәдениетін қалыптастыруға, діни сауаттылығынарттыруға және қоғамдағы заң мен тәртіптінығайтуға оң ықпал етері сөзсіз. Бұл – ел болашағыүшін маңызды қадамдардың бірі.


