Ұйғыр ауданы Ават ауылдық округінде «Заң мен тәртіп» жобасы аясында тұрғындар түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Үйме үй жүріп, әр тұрғынға түсіндірме жұмыстарын жүргізген жастар бірқатар маңызды мәселелер жайында ауыл азаматтарына ақпарат берді.
Кездесу барысында мамандар қоғамдықтәртіпті сақтау, ұсақ құқық бұзушылықтардыңалдын алу туралы айтып берді. Заң талаптарынорындау әр азамат үшін маңызды екені атап өтілді. Қарапайым ережелерді сақтау – үлкен мәселелердіңалдын алатыны түсіндірілді.
Сонымен қатар интернет-алаяқтық мәселесі де қозғалды. Қазіргі кезде алаяқтықтың бұл түріжиілеп бара жатқандықтан, тұрғындарға сақ болу керектігі ескертілді. Бейтаныс нөмірлерге сенбеу, жеке мәліметтерді бермеу, күмәнді сілтемелердіашпау туралы нақты кеңестер айтылды.
Жиын барысында кәмелетке толмағандардыңқауіпсіздігі де назардан тыс қалмады. Ата-аналарғабалалардың бос уақытын бақылау, олардыңинтернеттегі әрекеттеріне мән беру қажеттігітүсіндірілді. Бұл – тек отбасының ғана емес, қоғамның ортақ міндеті екені айтылды.
Іс-шара барысында тұрғындарға арнайыжадынамалар таратылып, қойылған сұрақтарғажауап берілді. Қатысушылар өз ойларын айтып, пікір алмасты.
Мұндай түсіндіру жұмыстары алдағы уақыттада жалғасады. Негізгі мақсат – тұрғындардыңқұқықтық сауаттылығын арттыру. Заңды білу жәнесақтау – қоғамдағы тәртіптің негізі. Тәртіп бар жерде қауіпсіздік пен тұрақтылық болады.


