Еңбекшіқазақ ауданының аумағында «Қауіпсізүй» республикалық профилактикалық іс-шарасы өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтыңалдын алу, құқық бұзушылықтардың жолынкесу, азаматтардың құқықтары мен заңдымүдделерін қорғау, қоғамдық қауіпсіздіктіқамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтықсауатын арттыру болды.
Профилактикалық іс-шара барысында аудандықполиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндіружұмыстарын жүргізіп, тұрғындармен кездесулерұйымдастырды. Сонымен қатар профилактикалықесепте тұрған азаматтар мен қолайсыз отбасылартексеріліп, олармен жеке профилактикалықәңгімелер өткізілді. Азаматтарға қолданыстағызаңнама талаптары түсіндіріліп, құқықтық кеңестерберілді.
Іс-шара аясында қоғамдық тәртіпті сақтау жәнеқұқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындарейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баса назар аударылды. Тәртіп сақшылары тұрғындардықұқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға, тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері немесе өзгеде заңсыз әрекеттер туралы уақтылы хабарлаудыңмаңызына ерекше тоқталды.
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтыңалдын алу – құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осындайпрофилактикалық іс-шаралар азаматтардыңқұқықтық мәдениетін арттыруға, отбасындағыжанжалдардың алдын алуға және қоғамдыққауіпсіздікті нығайтуға ықпал етеді.
Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасытұрғындарды өз құқықтарын қорғауда белсендіболуға шақырады. Егер отбасылық-тұрмыстықзорлық-зомбылық немесе басқа да құқыққа қарсыәрекеттер орын алған жағдайда, 102 арнасынанемесе 111 бірыңғай байланыс орталығынахабарласу қажеттігі тағы бір мәрте ескертілді.
Қауіпсіз үй – бақытты отбасының кепілі. Әротбасының қауіпсіздігі – қоғамның тұрақтылығымен берекесінің негізі.
Еңбекшіқазақ аудандық
полиция басқармасы


