Перейти к содержимому
Главная страница » «Таза бейсенбі» – туған жерге жанашырлық

«Таза бейсенбі» – туған жерге жанашырлық

2026 жылғы 23 шілдеде Шелек ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялықбағдарламасы аясында дәстүрлі «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы ұйымдастырылдыІс-шараның негізгі мақсаты – ауыл аумағыныңсанитарлық жағдайын жақсартуқоршағанортаның тазалығын сақтаутұрғындардыңэкологиялық мәдениетін қалыптастыру жәнетуған жерге деген жауапкершілікті арттыру.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы – бүгінде ел көлемінде кең қолдау тапқан маңызды экологиялықбастамалардың бірі. Оның аясында өңірлердеқоғамдық орындарды тазалау, ағаш отырғызу, абаттандыру және тұрғындарды қоршаған ортанықорғауға үндеу бағытында түрлі іс-шаралартұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Осындайигі бастама Шелек ауылында да өз жалғасын тауып, ауыл тұрғындары туған жердің көркеюіне үлесқосты.

Акция барысында ауылдың орталық көшелерінде, саябақтарда, скверлерде және тұрғындар көпшоғырланатын қоғамдық орындарда санитарлықтазалық жұмыстары жүргізілді. Акцияға қатысушылар жол жиектерін, жаяу жүргіншілержолдарын, демалыс орындарын, қоғамдықорындарды, әлкуметтік нысандар мен мекемелердің айналасын қоқыстан тазартып, ретке келтірді. Сонымен қатар көгалдандырылған аумақтардағыретсіз өскен шөптер шабылып, жиналғантұрмыстық қалдықтар арнайы орындарғашығарылды.

Тазалық жұмыстары барысында ауылдыңэстетикалық келбетіне де ерекше назар аударылды. Өйткені таза, әрі күтімді елді мекен – тұрғындардың денсаулығы мен жайлы өмірсүруінің ғана емес, олардың туған жеріне дегенсүйіспеншілігі мен мәдениетінің де көрінісі. Қоғамдық орындардың жинақы, таза болуы ауылғакелген қонақтар үшін де жағымды әсер қалдырып, өңірдің көркеюіне өз ықпалын тигізеді.

«Экологиялық акциялар тек бір күндік сенбілікнемесе бейсенбілік тазалық шарасымен шектелмеуітиіс. Қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбіразаматтың күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Көшеге қоқыс тастамау, табиғатты ластамау, жасылжелекті күтіп-баптау, қоғамдық мүлікке ұқыптықарау – үлкен жауапкершілікті талап ететінқарапайым, бірақ маңызды іс. Осындай қарапайымәдеттер арқылы қоғамда экологиялық мәдениетқалыптасады», – дейді ауыл ақсақалы Ә.Айтақынов.

Бүгінгі таңда табиғатты қорғау мәселесі бүкіл әлемүшін өзекті болып отыр. Климаттың өзгеруі, қоршаған ортаның ластануы, табиғи ресурстардыңазаюы әрбір адамнан табиғатқа жанашырлықпенқарауды талап етеді. Сондықтан «Таза Қазақстан» бағдарламасының басты мақсаты – тек көшелердітазалау ғана емес, қоғамда табиғатқажауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыру. Бұл бағыттағы жұмыстардың ауылдық жерлердежүйелі түрде жүргізілуі тұрғындардыңэкологиялық санасының артуына ықпал етеді.

Шелек ауылында өткен «Таза бейсенбі» акциясы да осы игі мақсатқа бағытталды. Мұндай шараларауыл тұрғындарын ортақ іске жұмылдырып, туғанжердің тазалығы мен көркеюіне бірге атсалысуғаүндейді. Себебі ауылдың тазалығы – тек коммуналдық қызметтердің ғана емес, әрбіртұрғынның азаматтық жауапкершілігі.

Құралай МҰРАТҚЫЗЫ