Перейти к содержимому
Главная страница » Заңды сақтау – талап

Заңды сақтау – талап

Жуырда Ұйғыр ауданы Кетпен ауылдық округінде «Жастар және заң» тақырыбында мазмұнды дөңгелек үстел өтті. Жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, заң талаптарын кеңінен түсіндіру, құқық бұзушылықтың алдын алу, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру және жас буынды заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында өткен дөңгелек үстелді округтің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы Әсел Исаева ұйымдастырды.  

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде ашық пікір алмасты. Ойларын айтып, қоғамдағы түрлі келеңсіз жайттардың себеп-салдарын саралап көруге тырысты. Әсіресе жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау мәдениетін қалыптастыру, киберқауіпсіздік, интернет кеңістігіндегі алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдарын кеңінен талқылады. Осфндай олқылықтарды болдырмау үшін қоғамдағы тәртіп пен заңдылықты нығайту мәселелері де назардан тыс қалған жоқ.

Кездесу барысында жастар өздерін толғандырған сұрақтарын да қойды. Ойларын ортаға салды. Күнделікті өмірде кездестіріп жүрген заңсыздықтардың салдары мен оның алдын алуға қалай болатыны туралы пікірлерімен бөлісті. Бір сөзбен айтқанда дөңгелек үстел ашық форматтағы диалог болды.

Іс-шара соңында қатысушыларға заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті екені тағы бір мәрте түсіндірілді. Сонымен қатар өз құқықтары мен міндеттерін білу, қоғамдағы тәртіпке бейжай қарамау, адалдық пен әділдік қағидаттарын ұстану қажеттігін де ерекше атап өтті ұйымдастырушылар.