Перейти к содержимому
Главная страница » Некеге тұруға мәжбүрлеу заңсыз

Некеге тұруға мәжбүрлеу заңсыз

Адам құқығы басты орында. Бұл Ата Заңымызда да тайға таңба басқандай айқын жазылған. Ендеше ешкім де сіздің құқығыңызды бұзып, еркіңізден тыс кез келген әрекетке, болмаса мәжбүрлі түрде бір іске итермелеуіне қатаң тыйым салынады. Сондай әрекеттің бірі әрі елімізде өкінішке орай көп кездесетіні – некеге тұруға мәжбүрлеу мәселесі. Осыған байланысты біз азаматтарға төмендегідей мәселелерді назардан шығармауларын сұраған болар едік.

Некеге тұруға мәжбүрлеу – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 125-1-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын заңға қайшы әрекет. Бұл – әр азаматтың жеке бостандығы мен құқықтарына тікелей қол сұғу болып табылады.

Некеге тұру барысында психологиялық қысым көрсету, қорқыту, күш қолдану немесе адамның еркін таңдау құқығын шектеу сияқты мәжбүрлеудің кез келген түріне заңмен қатаң тыйым салынған. Мұндай әрекеттерге жол берген тұлғалар міндетті түрде заң алдында жауап береді.

Әрбір адам некеге тұру туралы шешімді тек өз еркімен қабылдауға құқылы. Отбасын құру – екі тараптың өзара келісімі мен ерікті таңдауы негізінде ғана жүзеге асырылуы тиіс. Бұл құқықтарды қорғау – біздің басты міндетіміздің бірі.

Сіздерді мұндай құқық бұзушылықтарға бейжай қарамауға шақырамын. Егер некеге тұруға мәжбүрлеу фактілері туралы білсеңіз немесе куә болсаңыз, дереу полицияға хабарлауыңызды сұраймын. Уақытылы берілген ақпарат азаматтардың құқықтарын қорғауға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға үлкен мүмкіндік береді.

Саёра Акрамова,

Ұйғыр ауданы полиция

бөлімнің инспекторы,

 полиция капитаны