Перейти к содержимому
Главная страница » Ішімдіктің зияны мен салдары

Ішімдіктің зияны мен салдары

Алкоголь — бұл заманауи қоғамдағы ең өзекті мәселелердің бірі. Ішімдік ішу психологиялық және физикалық тәуелділікке алып келіп, адам денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Денсаулыққа әсері

  • Бауыр аурулары: Алкоголь бауыр жасушаларын зақымдап, цирроз бен гепатитке әкелуі мүмкін.
  • Жүрек-қан тамыр жүйесі: Қан қысымын арттырып, инфаркт пен инсульт қаупін жоғарылатады.
  • Жүйке жүйесі: Мезгілсіз ми жасушаларының жойылуына, есту, көру және есте сақтау қабілетінің төмендеуіне себеп болады.

Әлеуметтік салдары

Алкогольге тәуелділік тек бір адамның емес, бүкіл отбасының трагедиясы. Ол отбасының бұзылуына, кылмыстың көбеюіне және жол-көлік оқиғаларына жиі себеп болады.

Салауатты өмір салтын ұстану — ұзақ әрі бақытты өмір сүрудің басты кепілі. Алкогольден бас тарту арқылы біз өз денсаулығымызды және жақындарымыздың болашағын сақтаймыз.