Перейти к содержимому
Главная страница » Адаспайтын жол ізде

Адаспайтын жол ізде

Жуырда Тасқарасу ауылдық округінде жастарға арналған тағылымды кездесу өтті. Іс-шараны округтің жастар ісі жөніндегі әдіскер-нұсқаушысы У. Хитахунова ұйымдастырып, ауылдың наиб имамымен «Адаспайтын жол ізде» тақырыбында мазмұнды сұхбат алаңы құрылды.

Кездесудің басты мақсаты – жастардың діни сауаттылығын арттыру, дәстүрлі ислам құндылықтарын кеңінен насихаттау, жат діни ағымдардың алдын алу және өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін нығайту болды.

Іс-шара барысында наиб имам ислам дінінің бейбітшілік пен ізгілікке үндейтін асыл қағидаларына тоқталып, оның адам өміріндегі маңызы туралы түсінікті тілмен жеткізді. Сонымен қатар, діни экстремизм мен радикалды идеологиялардың қоғамға тигізетін кері әсері кеңінен түсіндіріліп, жастарға сақ болудың маңыздылығы айтылды.

Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтті. Жастар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі мазмұнды жауаптар алды. Әсіресе, діни ақпаратты тек сенімді әрі ресми дереккөздерден алу қажеттілігі ерекше атап өтілді.

Мұндай кездесулер жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп қана қоймай, олардың ұлттық және рухани құндылықтарға деген құрметін арттыруға ықпал етеді.

Анар Дүйсенбайқызы Ұйғыр ауданы