Кеген аудандық Жастар ресурстық орталығында «Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптеу және жастарды қауіпті әдеттерден сақтандыру мақсатында ауқымды кездесу өтті.
Басты мақсат — жастарды заңға бағынуға, сандық сауаттылықты арттыруға және зиянды әдеттерден аулақ болып, саналы таңдау жасауға шақыру.
Бірінші бөлім: Киберқауіпсіздік және алаяқтықтан сақтану.
Кездесу барысында Кеген АПБ бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ербол Молдашев пен Жастар ресурстық орталығының маманы Гүлнәз Толонқызы жастарға интернет-алаяқтықтан қорғанудың маңызды жолдарын түсіндірді. Қатысушыларға банк картасының қауіпсіздігін сақтау және күмәнді онлайн-ұсыныстарға алданбау керектігі егжей-тегжейлі айтылды.
Екінші бөлім: «Азарт -ЖОҚ!»- лудоманияға қарсы күрес.
Іс-шараның жалғасы ретінде «Азарт-ЖОҚ!» тақырыбында жастар арасында эссе байқауы өтті. Қатысушылар «Лудоманиядан қалай қорғанамыз?» тақырыбында ой толғап, құмар ойындардың алдын алу бойынша өздерінің тың идеялары мен ұсыныстарын ортаға салды.
Эссе байқауының нәтижесінде ең креативті және мазмұнды идеялар ұсынған жастар арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Бұл — жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатқан маңызды қадамдардың бірі.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ Кеген ауданы

