Перейти к содержимому
Главная страница » Кегенде «Заң мен тәртіп» аясында өзекті мәселелер қаралды

Кегенде «Заң мен тәртіп» аясында өзекті мәселелер қаралды

Кеген ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Кеген ауданындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомоствоаралық коммисияның отырысы өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Кеңес Қабылбеков, Кеген ауданы АПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Думан Нұрбатырұлы, мекеме басшылары, ауыл әкімдері қатысты. Жиынды Кеңес Қабылбеков ашып, жүргізіп отырды.
Кеген ауданы АПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Думан Нұрбатырұлы алты айда атқарған жұмыстарына тоқталып, баяндамасын оқыды. Кеген ауылында 11, Алғабас ауылында 3 қылмыстық іс тіркеліп, қылмыс өсімінің артқанын алға тартты.
Тұрғын үй құрылыс бөлімінің баяндамасын тыңдаған Кеңес Қабылбеков Кеген ауылындағы қатты тұрмыс қалдықтар тастайтын арнайы полигонның сын көтермейтінін жеткізді.
Ауыл шаруашылығы саласы, өзекті мәселелерге тоқталған Кеңес Қабылбеков жарты жылда атқарған жұмыстарға тоқталып, мекемелермен бірлесіп, қылмыстың өсуіне жол бермеуге, «Таза Қазақстан» бағдарламасын ауыл тұрғындары арасында кеңінен насихаттап, дұрыс жұмыс жүргізуге шақырды.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы