Перейти к содержимому
Главная страница » Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты бастамалар талқыланды

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты бастамалар талқыланды

«Ауыл» партиясының өңірлік штабы Алматы облысының ветеринариялық станциясы ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары таныстырылып, ауыл шаруашылығы саласын дамыту, ветеринариялық қызметтің тиімділігін арттыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты бастамалар талқыланды. Сонымен қатар, ветеринария саласының мамандарымен ашық пікір алмасу ұйымдастырылып, олардың ұсыныстары мен өзекті мәселелері тыңдалды. Қатысушылар ауылдық аумақтарды дамыту, сала қызметкерлерін қолдау, заманауи инфрақұрылымды жетілдіру және ауыл еңбеккерлерінің мәртебесін көтеру бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды.